Мобильді құрылғының заңды тіркелген-тіркелмегенін тексеру енді бұрынғыдан да оңай. eGov Mobile қосымшасында жаңа функция іске қосылып, пайдаланушыларға IMEI-кодты бірден тексеруге мүмкіндік берілді.
Бұл қызмет әсіресе қолдан қолға сатылатын телефондарды сатып алатындар, SIM-картасын жоғалтқандар немесе құрылғысының заңдылығына көз жеткізгісі келетіндер үшін аса маңызды. IMEI-кодты тексеру қызметі eGov.kz порталы, imei.rfs.gov.kz сайты және eGov Mobile қосымшасы арқылы қолжетімді.
IMEI (International Mobile Equipment Identity) – әрбір ұялы байланыс құрылғысына берілетін 15 таңбалы бірегей номер. Ол құрылғының өндірушісі, моделі мен шыққан елі жайлы мәлімет береді.
Тексеру барысында жүйе IMEI-кодтың тіркелген-тіркелмегенін көрсетеді және қажет болған жағдайда верификациядан өту қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, нақты бір құрылғыға қанша телефон нөмірі тіркелгенін де көруге болады. Бұл алаяқтық пен рұқсатсыз пайдаланудың алдын алуға көмектеседі.
Қызметті пайдалану үшін мынадай қарапайым қадамдарды орындау қажет:
1. eGov Mobile қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіңіз;
2. Басты беттен «Танымал қызметтер» бөлімінен «Абоненттік құрылғының IMEI кодын тексеру» сервисін таңдаңыз;
3. Жеке деректерге қол жеткізуге келісім беріңіз;

4. Нәтижені көре аласыз.

Бұл қызмет мобильді құрылғыларды заңды және қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік беріп, байланыс мәселелерінің алдын алуға көмектеседі.