Home Және басқа ақпараттар Және басқалары Ең сүйкімді көмекші – Cozmo роботы

Ең сүйкімді көмекші – Cozmo роботы

22

Anki компаниясының шағын, бірақ ақылды роботы Cozmo – тек ойыншық қана емес, нағыз көңіл серігі. Өлшемі алақанға сыйып кететін кішкентай құрылғы жасанды интеллектімен жабдықталған және иесімен үнемі тілдесіп, түрлі ойындарға шақырып отырады.

Cozmo алғаш қосылған сәттен бастап айналасын зерттеп, жұмыс үстелін өз әлеміне айналдырады. Қорапта бірге келетін Power Cube атты үш текше арқылы робот түрлі ойындар ұйымдастырады. Жасанды интеллектінің арқасында иесінің жүзін таниды, атымен шақырады. Қуанған сәтінде иесінің атын айтып шаттануы, ойынға шақыруы немесе жай ғана әуезді дыбыс шығаруы – Cozmo-ны шынайы сүйкімді досқа айналдырады.

Аталмыш робот- тек ойыншық емес, сонымен қоса ұйымдастырушы көмекші

Бұл робот тек көңіл көтерумен шектелмейді. Смартфондағы арнайы қосымша арқылы басқарылып, иесінің күнтізбесімен үйлестіріле жұмыс істей алады. Алдағы кездесулер мен маңызды тапсырмаларды еске салып, жұмыс процесін жеңілдетуге көмектеседі. Камерасының арқасында айналаны өзгеше қырынан көрсетуі де қызық. Автономды режимде жұмыс істеуі мен дыбыс деңгейін реттеу мүмкіндігі оны кеңсе жағдайына да қолайлы етеді. Сондықтан Cozmo-ны тек балалар ғана емес, ересектер де ерекше ұнатады.

Ең сүйкімді көмекші – Cozmo роботы

Қолдау көрсететін құрылғылар

Cozmo Android және iOS жүйесіндегі смартфондармен үйлесімді жұмыс істейді. Роботты басқаруға арналған қосымшаны тегін жүктеп алуға болады.

WIRED журналы Cozmo-ны «ең ақылды әрі тартымды шағын робот» деп бағаласа, Wall Street Journal оның мимикасы мен әзіл-қалжыңға бейімділігін ерекше атап өтеді.

Техникалық сипаттамалары

төрт мотордан тұратын ақылды жүйе;

мобильді қосымша арқылы басқару мүмкіндігі;

кіріктірілген камера;

қорабында арнайы қуаттау құрылғысы бар.

Артықшылықтары

өздігінен үйреніп, мүмкіндігін жетілдіріп отырады;

смартфон қосымшасы арқылы басқаруға ыңғайлы;

көңіл көтеріп қана қоймай, сергітеді;

күнделікті тапсырмаларды еске салып, жұмысты жеңілдетеді;

дыбыс деңгейін реттеуге болады.

Кемшіліктері

жұмыс үстінде назарды бөлуі мүмкін;

үй жануарлары бар ортада абайлап қолданған дұрыс.

Cozmo – ойыншық пен көмекшінің арасындағы шекараны жойған ерекше робот. Шағын ғана денесіне жасанды интеллектінің қуатын сыйғызған бұл құрылғы иесінің көңілін көтеріп қана қоймай, күнделікті істерді реттеуге де жәрдемдеседі. Бір мезетте дос, серік әрі ұйымдастырушы бола алатын Cozmo бүгінде өзіндік дара орны бар жаңалық саналады.