Home Аналитика Америкалық чип өндірушілер миллиардтаған шығынға ұшырауы мүмкін

Америкалық чип өндірушілер миллиардтаған шығынға ұшырауы мүмкін

9

АҚШ-тың электроника саласындағы алпауыт компаниялары жаңа кедендік тарифтердің кесірінен жыл сайын миллиард доллардан астам шығынға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне пікір білдірген салалық сарапшылар мәлімдеді.

Микрочип өндірісіне қажетті жабдықтар шығаратын Applied Materials, Lam Research және KLA сынды үш ірі компанияның әрқайсысы жылына шамамен 350 миллион доллар көлемінде шығынға ұшырауы ықтимал. Ал Onto Innovation компаниясы жақын арада бірнеше миллиард доллар шамасындағы қосымша қаржылық ауыртпалықпен бетпе-бет келуі мүмкін.

Мамандар бұл жағдайды АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің Қытайға жоғары технологиялық құрылғыларды экспорттауға тыйым салуымен байланыстырады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл шектеулер компанияларға бұған дейін-ақ едәуір залал келтірген. Енді жаңа тарифтер олардың шығынын одан әрі көбейтуі мүмкін.АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық бәселестіктің күшеюі жаһандық нарыққа да әсер етіп отыр. Тараптар арасындағы шектеулер мен санкциялар әлемдік чип өндірісін қайта қарауға итермелеуде.