Home Аналитика Білім беру ұйымдарының кітапханалары заманауи цифрлық шешімдерге көшуде

Білім беру ұйымдарының кітапханалары заманауи цифрлық шешімдерге көшуде

9

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы білім беру ұйымдары кітапханалары қызметін жаңғырту, оқырмандық мәдениетті дамыту және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту мақсатында бірқатар заманауи ақпараттық жүйелерді әзірлеп, оларды кезең-кезеңімен енгізуде.

Ұсынылып отырған цифрлық платформалар кітапхана қорын тиімді басқаруға, оқырмандарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, электрондық ресурстарды кеңінен пайдалануға және оқу үдерісін жүйелі қолдауға бағытталған. Сонымен қатар бұл жүйелер білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын күшейтіп, деректерді талдау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ кітап оқуды дәріптеудің жаңа форматтарын қалыптастыруға жағдай жасайды.

Аталған ақпараттық шешімдер білім беру ұйымдары кітапханалары қызметін біріздендіруге ықпал етіп, цифрлық трансформация талаптарына сай келетін заманауи қызмет көрсету моделін орнықтыруға негіз қалайды.

Өзге де өзекті жаңалықтар мен сараптамалық шолулар біздің Telegram арнамыздан жүйелі түрде оқи аласыздар!