Home Технологиялар Ғарыш Байқоңырдағы ескі техника сатылымға шығарылды

Байқоңырдағы ескі техника сатылымға шығарылды

30

«Бәйтерек» атты қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорын «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы ескірген құрал-жабдықтарды сатылымға шығарды. Сатылымға қойылған мүліктердің мемлекеттік аукцион сайтында жарияланғанын Noks.kz хабарлады.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, бұл техника моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген, қазіргі заманғы ғарыштық бағдарламаларға енді жарамсыз. Түсетін қаржы мен босатылған алаңдар жаңа технологиялық жүйелерді орнатуға бағытталады. Қазіргі таңда жаңа жабдықтар келе бастаған.

Бұл жаңартулар – Қазақстанның «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін құру жобасы аясындағы алғашқы сынақтық ұшыруды өткізуге дайындықтың бір бөлігі. Алғашқы ұшыру 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Жоба елдің дербес ғарыш технологияларын дамытудағы маңызды кезең болмақ.