Home Техника Автокөліктер Қазақстандық студенттер жасаған электроболид әлемдік жарыстарға жол тартты

Қазақстандық студенттер жасаған электроболид әлемдік жарыстарға жол тартты

26

SU Racing Team – Satbayev University- дің (Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) студент-инженерлерінен құралған топ “Zymyran EV” деп аталатын алғашқы қазақстандық жарыс электроболидінің құрылуын жариялады. 2025 жылы бұл болид Еуропа мен Қытайда өтетін инженерлік “Formula Student” жарыстарында таныстырылады.

Zymyran EV-тің қысқаша техникалық сипаттамалары: қуаты: 80 кВт, 0–100 км/сағ жылдамдыққа жету (болжам): 3 секунд, айналдыру кезеңі: 600 Н/м, батарея сыйымдылығы:9 кВт/сағ, салмағы: 250 кг, рама материалы: болат, кузов материалы: карбон

“Formula Student” (Formula SAE – Society of Automotive Engineers) – бірнеше кезеңнен тұратын халықаралық инженерлік жарыс. Бұл жарыстарға әлемнің 40 елінен 100-ден астам студенттік командалар қатысады.

Жыл бойы командалар формула үлгісіндегі болидтерді жобалап, құрастырып, өзара жарысады. Төрешілер көліктердің дизайны, инженерлік инновациялары, басқару мүмкіндіктері, қауіпсіздігі мен жобаның экономикалық тиімділігін бағалайды.

SU Racing Team-нің халықаралық жарыстарға қатысуы Қазақстандағы Porsche компаниясының ресми жабдықтаушы мамандардың қолдауымен мүмкін болды.

Бұл жылы компания Satbayev University студенттерінің “Formula Student 2025” жарыстарына қазақстандық болидтің прототипін ұсыну туралы идеясын қолдады.

18 студент-инженер көп жылғы еңбектерінің нәтижесін көрсетуді жоспарлап отыр.

«Автокөлік құрастыру – балалық арманым. Бұл арман 2018 жылы Сингапурдағы алғашқы жарысымызда ішінара жүзеге асты. Бірақ біздің басты мақсатымыз – әлемдік деңгейдегі “Formula Student” жарысына қатысу еді. Осы жылы Porsche Kazakhstan қолдауымен “Zymyran EV” көлігін құрастырдық. Оның дизайнында қазақ этно-мотивтері қолданылды, ал түсін таңдағанда Porsche-тың жаңа түстер топтамасын – Shades of Provence негізге алынды. 2025 жылы Еуропа мен Қытайда өтетін жарыстарға осы болидпен қатысамыз. Жарысқа дейін “Satbayev University” қабырғасында көлікті көпшілікке көрсетіп, сынақтар өткіземіз», – дейді топ басшысы, Satbayev University докторанты Алибек Ибраим.

“Zymyran EV” көлігінің құрылуы – талантты жастарды қолдаудың, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және халықаралық деңгейде Қазақстанды танытуға мүмкіндік берудің жарқын мысалы.

Porsche Kazakhstan және Satbayev University
арасындағы серіктестік аясында студенттердің білім алу үдерісіне VR-технологиялар енгізілді. Бұл технологиялар болашақ инженерлерге көліктің бөлшектерін 3D форматта зерттеуге, жобалау жұмыстарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, университет студенттері үшін неміс инженерлерімен тұрақты онлайн семинарлар мен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылады.

Porsche Kazakhstan компаниясының директоры Гаухар Ғабдрахимова студенттердің жоғары технологияларға деген қызығушылығын және әлемдік автоиндустриядағы үздік тәжірибелерді меңгеруін қолдайтынын атап өтті.

«Біз талантты жастарды қолдап, олардың әлемдік аренада Қазақстан атынан шығуына жағдай жасай алатынымызға қуаныштымыз. Formula Student сияқты жарыстар қазақстандық инженерлерге дағдыларын нығайтып, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуға, еліміздің инновация саласындағы әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді».