Home Электроника Аксессуарлар Қазақстандағы электронды әмияндардың ерекшеліктері мен артықшылықтары

Қазақстандағы электронды әмияндардың ерекшеліктері мен артықшылықтары

9

Қазіргі уақытта электронды әмияндар үлкен сұранысқа ие. Банк картасы мен есепшоты тек сатып алу, түрлі қызметтер үшін төлем жасау немесе ақша аудару тәсілі ғана емес, сонымен қатар қаржылық операцияларды қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде жүзеге асырудың тиімді құралы. Қазақстанда көпшілік электронды әмияндарды осы мақсаттарға пайдаланады. Бұл мақалада біз электронды әмиянның не екенін, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін және Қазақстанда оны қалай рәсімдеу керектігін талқылаймыз.

Электрондық әмиян арқылы тауар сатып алу, ақша аудару, валютаны айырбастау немесе тіпті мобильді телефон балансын толықтыра аласыз. Сондай-ақ, бұл шетелдік фриланс алаңдарында жұмыс істейтіндер үшін жақсы құрал. Электронды әмиян әлемнің көп бөлігінде қолжетімді болғандықтан, банктің жұмыс ерекшеліктерінен (ақша аударымдарының кешігуі, комиссиялар) және тұрғылықты жеріңізден тәуелсіз жұмыс істеуге болады.

Әдетте, электронды әмияндар банктер мен төлем ұйымдарына (көп жағдайда) немесе арнайы реестрге кіретін мекемелерге тиесілі. Мұндай төлем түрі едәуір танымал. Әр түрлі бағалаулар бойынша, Еуропада электронды әмияндардың жалпы төлемдер көлеміндегі үлесі шамамен 30%-ды құрайды. Азия мен көрші аймақтарда бұл көрсеткіш екі есе жоғары. 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, Қазақстанда электронды төлем құралдары 720 млрд теңгеге шығарылған. Электронды әмияндардың саны 60 миллионға жақындап қалды.

Қазақстандағы электронды әмияндардың ерекшеліктері мен артықшылықтары

Электронды әмияндардың түрлері

Электронды әмияндар негізінен үш түрге бөлінеді. Ең танымалы — анонимді әмиян .Бұл әмиян кішігірім сауда жасау мен шығындар үшін өте ыңғайлы. Анонимді электрондық әмиянның аударымдар мен сатып алу сомасына көбінесе шектеулер қойылған. Оның кемшіліктері ретінде әмияннан ақша алу немесе оны жеке тұлғаға аудару мүмкіндігі жоқ екендігін атап өтуге болады.

Келесі түрі — жеке тұлғаға тіркелген әмиян. Оны ашу үшін жеке мәліметтер мен төлқұжат деректері қажет. Мұндай әмиянмен тек сатып алу мен түрлі қызметтер үшін төлем жасау ғана емес, сонымен қатар басқа виртуалды әмияндарға ақша аударуға да болады. Кейбір операторлар банк картасын байланыстыру қызметін ұсынады, бұл сізге банкоматтардан қолма-қол ақша алу мүмкіндігін береді. Жеке тұлғаға тіркелген әмияндардың лимиттері анонимді әмияндарға қарағанда жоғары.

Ең кең мүмкіндіктерге ие әмиян — персоналды немесе сәйкестендірілген әмиян. Мұндай әмиянды рәсімдеу үшін банкке немесе электронды ақша эмитентінің кеңсесіне бару керек. Оның артықшылықтары неде? Жоғарыда аталған барлық мүмкіндіктерден басқа, бұл әмиян арқылы әлемнің кез келген жерінде ақша аударып, төлем жасауға болады, әрі басқа валюталарда әмиян ашуға мүмкіндік бар. Лимиттер де жоғары, соның ішінде қолма-қол ақша алу шегіне дейін.

Электронды әмиянды қалай ашып, толықтыруға болады?

Анонимді немесе жеке тіркелген әмиянды ашу үшін көп жағдайда әмиян операторының сайтында онлайн түрде өтініш беру жеткілікті. Ал персоналды немесе жеке сәйкестендірілген (идентификацияланған) әмиянды рәсімдеу үшін банкке немесе арнаулы қызмет көрсететін мекемеге бару қажет. Қауіпсіздікке көңіл бөліңіз. Қазақстанда электронды әмияндарды рәсімдейтін компаниялардың арнаулы тізімі бар, оны сілтемеден көруге болады.

Электронды әмиянды толықтыру өте оңай. Оны банктік карта, ұялы телефон немесе басқа әмиян арқылы толықтыруға болады. Ірі операторлар сауда орталықтарында және адамдар көп жиналатын басқа орындарда орналасқан төлем терминалдарын ұсынады.

Қазақстандағы электронды әмияндардың ерекшеліктері мен артықшылықтары

Электронды әмияндардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Барлық ұқсастықтарға қарамастан, электрондық әмиянның классикалық банк өнімдерімен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар екенін ұмытпау қажет. Кемшіліктеріне келсек, электрондық әмияндардың қолданылуы барлық интернет алаңдарында қолжетімді емес, яғни барлық сайттарда “виртуалды әмияндармен” төлем жасау мүмкіндігі қарастырылмаған. Сондай-ақ, электрондық әмияндар интернет байланысынсыз жұмыс істемейді. Ақшаны шығару да қиындауы мүмкін. Айта кететін тағы бір жайт, әмияндар белгілі бір мерзімге ғана жарамды, сол уақыт өткеннен кейін пайдаланылмаған қаражат жоғалуы мүмкін.

Ал кейбір операторлар ақша аударымдары немесе басқа операциялар үшін әртүрлі комиссия ұстайды.

Дегенмен, бұл кемшіліктердің орнын көптеген артықшылықтар толтырады. Мысалы, электрондық әмиянды онлайн режимінде бірнеше минут ішінде рәсімдеуге болады. Сонымен қатар, ақшаны басқа адамға дерлік бірден аударуға мүмкіндік бар. Көп жағдайда банк картаңыздың немесе есепшотыңыздың деректерін көрсетпей-ақ ақша аударуға болады. Кейбір операторлар электрондық әмиянға банк картасын да тіркеуді ұсынады.

Қазақстандағы танымал электронды әмияндар

Қазақстанда әлемдік нарықтағы ірі электронды әмияндардың барлығы жұмыс істейді. Біздің елде Qiwi, Wallet One, AllPay, Innopay сияқты қызметтер өте танымал. PayPal, WebMoney, Wooppay, Kaspi Bank, «Казпочта» және тағы да басқа 30-дан астам қызметтер ұсынылады. Әрбір қызмет өзінің ерекшеліктерін ұсынады, соның ішінде криптовалюталармен жұмыс істеу мүмкіндігі де бар. Сіз өзіңізге ең ыңғайлы қызметті таңдай аласыз.

Қазақстандағы электронды әмияндардың ерекшеліктері мен артықшылықтары

Қазақстанда электронды әмияндар — кеңінен таралған және төлем жасауға ыңғайлы қызмет. Бұл қаржылық құралдың көптеген артықшылықтары бар. Ең алдымен, операциялардың жылдамдығы мен қаражатты толықтырудың жеңілдігін атап өткен жөн.

Электронды әмияндар түрлі валюталармен операция жасауға мүмкіндік береді және қаражатты әлемнің кез келген нүктесіне аударуға болады.

Алайда, бұл құралды пайдалану үшін интернет қажет. Әр түрлі әмиян түрлерінде қаражаттың лимиті әртүрлі.

Александр Новохрост, Digital Business