Home Ақша Қазақстанда шетелдік сайттардан сатып алынған тауарларға жаңа баж салығы енгізіледі.

Қазақстанда шетелдік сайттардан сатып алынған тауарларға жаңа баж салығы енгізіледі.

51

Қазақстанда шетелдік онлайн-дүкендерден сатып алынған тауарларға баж салығын енгізу жоспарлануда. Ұлттық экономика министрлігі өткен жылы ЕАЭО мемлекет басшыларының сыртқы электрондық сауданы реттеу жөніндегі Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойғанын еске салды.

«Қазіргі уақытта аталған құжат талқыланып,бекітілуде», – деп жауап берді министрлік.

Аталған хаттама күшіне енген соң, электрондық саудадағы барлық тауарлар рәсімделуге тиіс болатыны атап өтілді.

Құжатқа сәйкес, шетелдік ғаламтор желісі арқылы үшінші елдерден физикалық тұлғалар сатып алатысмин өнімдер «Электрондық сауда тауарлары» деген бөлек санатқа енгізілді.

Сонымен қатар, «электрондық сауда операторы» деп аталатын жаңа институт енгізілді. Министрлік бұл заңды тұлға сатып алған өнімдерге қолдау көрсету бойынша барлық қызметтерді жүзеге асыратынын түсіндірді.

«Тауарды декларациялау аталған институт арқылы немесе физикалық тұлға  тарапынан жүзеге асырылады. Бұл үрдіс пошта қызметкерінің алған мәліметтері және құжаттары (түбіртек,банктік төлемдер және т.б.) негізінде жүргізіледі», – деп түсіндірді Ұлттық экономика министрлігі.

Онымен қоса, шетелдік ғааламтор арналары арқылы сатып алынған өнімдер де кедендік рәсімдеуден өтеді. Егер бажсыз әкелу шегі (200 евро және 31 кг) асатын болса, тауарды тіркеу қажет болады, ал кедендік төлемнің жалпы мөлшері өнімнің құнынан 15% құрайды. Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың алаңында келесі мәселелер талқылануда:

– Біртұтас ставка мөлшері;

– Бажсыз әкелу шегін белгілеу мүмкіндігі;

– Электрондық сауда тауарларына жатпайтын тауарлар санаты.