Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда оқушыларды басқа мектепке ауыстыру eGov.kz арқылы жеңілдеді

Қазақстанда оқушыларды басқа мектепке ауыстыру eGov.kz арқылы жеңілдеді

38

Қазақстанда оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру енді әлдеқайда оңай. Бұдан былай ата-аналарға анықтама жинап, қағаз тасып, мектептерді аралап әуре болудың қажеті жоқ. Барлық рәсім eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асады.

Жаңа қызметтің көмегімен ата-ана өзіне қолайлы мектепті таңдап, бірден бос орын саны мен оқыту тілін көре алады. Бұрынғыдай оқушыны тіркеуден шығару, жеке іс қағаздарын алып жүру немесе түрлі талон жинау талабы алынып тасталды.

Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, «Білім» бөлімінен «Орта білім» санатындағы тиісті қызметті таңдау жеткілікті. Өтінішті толтырған соң оны электронды цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Ал арыздың қаралу мәртебесін ата-ана жеке кабинеттен қадағалай алады.

Бұл жаңашылдық мектеп ауыстыру ісін едәуір жеңілдетті. Енді ата-аналар отбасы жағдайына байланысты жылдам шешім қабылдап, баласына ыңғайлы оқу орнын оңай таңдай алады. Сондай-ақ өтінішті онлайн беру мен қажет болған жағдайда қайтарып алу мүмкіндігі енгізілген.

Мамандардың айтуынша, жаңа цифрлық сервис бүкіл ел бойынша ата-аналар үшін бұл үдерісті барынша ашық әрі қолжетімді ете түспек.