Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда мүгедектік деңгейін анықтауда жасанды интеллект қолданылуы мүмкін

Қазақстанда мүгедектік деңгейін анықтауда жасанды интеллект қолданылуы мүмкін

5

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мүгедектік тобын анықтау кезінде қолдануға арналған жасанды интеллект (ЖИ) моделі әзірленіп жатыр.

Жасанды интеллект медициналық құжаттардағы деректерді талдау және құрылымдауда қолданылады. Бұл жүйе ұсынылған ақпараттың толықтығын тексеруге, диагноздарды еңбекке жарамсыздық деңгейімен салыстыруға (Халықаралық аурулар жіктемесі бойынша) және соңғы шешімді ұсынуға мүмкіндік береді.

Бұл құрал енгізілген соң мүгедектік топтарын анықтау процесі айқын әрі әділ жүргізіледі, адам шешіміне тәуелділік азаяды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық қаупі де төмендейді.

Қазір ЖИ моделін оқыту жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ барлық емдік-диагностикалық, лабораториялық және аспаптық зерттеулердің электронды құжаттарын біріктіру, цифрландыру және құрылымдалған деректерді беру үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

Дайындық кезеңі аяқталған соң, жаңа тәсілді пилоттық режимде сынақтан өткізу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Баспасөз қызметі