Қазақстан Сенатының депутаттары «Мәдениет, білім және тәлімгерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады. Бұл заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, елімізде қазақ тілінің сөздік қоры құрылып, нейрожелі технологиялары негізінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мәдениет туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық жүйе ретінде қазақ тілінің сөздік қорын қамтитын Ұлттық сөздік қоры құрылып, қазақ тілінің барлық стильдер мен жанрларды қамтитын мәтіндерден тұратын Ұлттық корпус жасалады. Сондай-ақ, қазақ тілінде мәтіндер өңдеу, генерациялау және талдау үшін жасанды нейрондық желі негізінде үлкен тілдік модель қалыптастырылады», – деді Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұрторе Жүсіп.
Айта кету керек, бұл қор қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау мен қорғауға бағытталады.