Home Техника Автокөліктер Aptera PI2 электркөлігі электр желісіне қосылуды қажет етпейді

Aptera PI2 электркөлігі электр желісіне қосылуды қажет етпейді

24

Aptera Motors компаниясы толықтай күн энергиясымен жұмыс істейтін жаңа электромобиль шығарғанын жариялады. PI2 деп аталатын бұл көлік электр желісіне қосылмай-ақ жұмыс істей алады. Алғашқы сынақтардан сәтті өткен модельдің таңдалған аккумуляторына қарай максималды жүріп өту қашықтығы 1600 шақырымға дейін жетеді. Қажет болған жағдайда электромобильді электр желісіне қосуға болады.

Aptera PI2 көлігі тек экологиялық көлік ғана емес, сонымен қатар өзінің жоғары динамикалық көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Көлік 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 4 секундта жетеді, бұл көрсеткіш автомобиль әуесқойларына белгілі Chevrolet Corvette C6 және Audi RS3 спорттық модельдерімен теңдеседі.

Aptera PI2 электркөлігі электр желісіне қосылуды қажет етпейді

Жаңа электромобильдің сәттілігі оның жеңіл салмағы мен аэродинамикалық пішінінде жатыр. Сонымен қатар, 700 Вт қуаттылықтағы күн батареялары да оның жұмыс тиімділігін арттырады. Aptera компаниясы бұл модельді алдын ала тапсырыс арқылы сату бастады. Көліктің минималды конфигурациясы 30 700 АҚШ долларынан басталса, толық жабдықталған нұсқасының бағасы 51 500 долларды құрайды.