Home Және басқа ақпараттар Ана мен бала Қазақстанда балаларға арналған арнайы SIM-карта енгізілуі мүмкін

Қазақстанда балаларға арналған арнайы SIM-карта енгізілуі мүмкін

23

Қазақстанда балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы SIM-карталар енгізу ұсынылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді.Министрліктің жоспарына сәйкес, балаларға арналған SIM-карталар ерекше тарифтік жоспармен қамтамасыз етіледі. Олардың басты ерекшелігі – арнайы сүзгілердің болуы. Бұл сүзгілер балаларға зиянды ақпаратқа қолжетімділікті шектеп, олардың интернет кеңістігінде қауіпсіз жүруіне мүмкіндік береді.

“Біз байланыс операторлары балаларға арналған арнайы SIM-карталар шығарады деп жоспарлап отырмыз. Ата-аналар өз балаларына осындай SIM-карталарды сатып алуға міндетті болады”, – деді Еділ Оспан.

Вице-министрдің айтуынша, бұл бастама халықаралық тәжірибеге негізделген. Көптеген елдерде балаларға арналған SIM-карталарға ерекше тарифтер мен сүзгілер орнату қарастырылған. Қазақстан да осы тәжірибені енгізуді көздеп отыр.

Арнаулы SIM-карталар балалар мен жасөспірімдерге арналған тарифтік жоспар болып табылады. Олар келесі мүмкіндіктерді қамтиды:

Ата-ана бақылауы: Ата-аналар баланың телефонды қалай пайдаланатынын бақылай алады.

Қауіпсіздік: Қажетсіз контенттен қорғау үшін орнатылған сүзгілер.

Геолокация: Мобильді қосымша арқылы баланың орналасқан жерін көру мүмкіндігі.

Бұл бастама мемлекеттік органдармен бірлесе талқыланып, кешенді жоспарға енгізілген. Ата-аналар балаларға арналған осы арнайы SIM-карталарды сатып алуға міндетті болады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда SIM-карталардың сатылымын шектеу ұсынылған болатын. Цифрлық даму министрлігінің бұл бастамасы бойынша бір адамға 10 SIM-картадан артық берілмеуі қарастырылған. Алайда, бұл идея әлі де қарастырылу кезеңінде тұр.