Home Сараптама Қазақстанда аса маңызды цифрлық инфрақұрылымды бақылау жүйесі өзгереді

Қазақстанда аса маңызды цифрлық инфрақұрылымды бақылау жүйесі өзгереді

6

Мәжіліс киберқауіпсіздік саласындағы аса маңызды цифрлық инфрақұрылым нысандарына мемлекеттік бақылау жүргізу өкілеттігін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру туралы түзетулерді мақұлдады. Сонымен қатар аталған нысандарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оны іске асыру құзыреті бейінді министрліктің қарамағында сақталады.

Тиісті өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелеріне арналған заң жобасына енгізілді. Бұл түзетулердің негізгі мақсаты – дербес деректердің қорғалуын күшейту және елдің цифрлық инфрақұрылымының киберқауіпсіздігін нығайту.

Бұл соңғы күндері қабылданған ең маңызды реттеуші шешімдердің бірі саналады. Өйткені аталған өзгерістер киберқауіпсіздік жүйесіндегі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін қайта айқындап, аса маңызды цифрлық инфрақұрылымға мемлекеттік бақылау жүргізу тетігін жаңаша қалыптастырады.

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.