Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда 1500-ден астам мектеп STARLINK ғаламтор желісіне қосылды!

Қазақстанда 1500-ден астам мектеп STARLINK ғаламтор желісіне қосылды!

26

Министрлік цифрландыруды дамыту бойынша жаңа мәліметтер жариялады.

Бүгінгі таңда STARLINK спутниктік интернеті 1 798 мектепте орнатылды. Бұл ғаламтор  жылдамдығын үш есе арттырды.

Сонымен қатар, 81 мектепте интернетке қосылу жұмыстары аяқталуға жақын. Өткен жылдың басынан бері интернетпен қамту деңгейі 19%-дан 89,5%-ға дейін өсті.

Бұл өзгерістер оқушылар мен ұстаздардың білім алуы мен оқыту үрдісін тиімдірек етуге мүмкіндік береді.