Home Аналитика Қазақстан мен Өзбекстан: Заманауи технологияларды дамытудағы бәсекелестік

Қазақстан мен Өзбекстан: Заманауи технологияларды дамытудағы бәсекелестік

54

Қазақстанда көптеген адамдар бауырлас Өзбекстанды заманауи технологияларды дамытудағы негізгі бәсекелес ретінде санайды. Сондықтан, Өзбекстандағы жаңалықтарға да назар аударайық. Мысалы, Өзбекстанның Цифрлық технологиялар министрлігіне қарасты Жасанды интеллект (AI) және цифрлық экономика дамыту орталығы құрылады.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев “2030 жылға дейінгі жасанды интеллект технологияларын дамыту” стратегиясын бекітті. Стратегияның келесідей бағыттары бар:

– Жасанды интеллект негізінде әзірленген бағдарламалық өнімдер мен қызметтердің көлемін 1,5 миллиард доллар деңгейіне жеткізу.

– Жасанды интеллект негізіндегі қызметтердің үлесін 10%-ға арттыру.

– Жасанды интеллект технологияларымен айналысатын 10 ғылыми зертхана ашу және жоғары өнімді есептеу желілерін іске қосу.

– Өзбекстанды Жасанды интеллектке мемлекеттік дайындық индексі бойынша 50 елдің қатарына енгізу.

Цифрлық технологиялар министрлігіне AI және цифрлық экономика дамыту орталығы құрылып, жасанды интеллектіні қолдану арқылы жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сараптайды. Орталықтың жұмысы цифрлық технологияларды дамыту қорының қаражаты мен стартаптардағы үлестік қатысу арқылы қаржыландырылатын болмақ..

Қайта құру және дамыту қоры 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, AI дамуына арналған 50 миллион доллар көлемінде 5 жылдық пайызсыз несие беру жоспарланды.

2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін үлкен деректер қорында құрылады.. Ал 2026 жылдың 1 мамырына дейін AI технологияларын енгізу аясында деректерді өңдеуге арналған есептеу қуаттары іске қосылады.

AI енгізудің негізгі бағыттары:

– Банк және қаржы саласында — алаяқтықты болдырмау, төлем қабілеттілігін бағалау, нарықтық болжамдар жасау.

– Салық және кеден саласында — көлеңкелі экономиканы азайту, күдікті кеден операцияларын болжау, тәуекелдерді басқару.

– Денсаулық сақтау саласында — тексеру мен емдеу әдістерін таңдау, медициналық суреттерді талдау, науқас деректерін басқару.

– Ауыл шаруашылығында— өнімділікті болжау, ауылшаруашылық ресурстарын басқару, егісікті, ауыл шаруашылығын бақылау.

– Энергетикада— энергетикалық ресурстарды басқару, генерация мен бөлуді оңтайландыру, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және оларға сұранысты болжау.

Бұл бастамалар Өзбекстанның заманауи технологияларды дамытудағы ниетін көрсетеді және Қазақстанмен бәсекелестікті одан әрі арттырады.