Home Робот пен дрондар,ЖИ Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтеді

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтеді

39

2–4 қазан аралығында Қазақстан астанасында жасанды интеллект, цифрлық экономика, ғылым және венчурлық капитал саласындағы ең ірі халықаралық форум – Digital Bridge 2025 өтеді.

Форумның басты тақырыбы – Generative Nation, яғни елдің білім қоғамын қалыптастыру және адами капиталды заманауи технология арқылы дамыту стратегиясы.

Шараға БАӘ-нің жасанды интеллект министрі Омар Аль-Олама, әлемдік футуролог және Sinovation Ventures қорының негізін қалаушы Кай-Фу Ли, сондай-ақ Англия футболының легедасы Сол Кэмпбелл сияқты беделді қонақтар қатысады. Қонақтар технологияның болашағы, спорт пен күнделікті өмірге жасанды интеллектінің ықпалы туралы пікірлерімен бөліседі.

Алты жыл ішінде форум 100 елден 67 мыңнан астам қатысушыны жинап, сарапшылар, инвесторлар, кәсіпкерлер мен академиялық қауымды бір алаңға тоқыстырды. Digital Bridge Орталық Азиядағы негізгі IT-шара ретінде танылды.

2025 жылы форум алғаш рет коммерциялық негізде ұйымдастырылып отыр. Билеттерді digitalbridge.kz сайтынан сатып алуға болады. Шараны Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі мен Астана әкімдігі ұйымдастырады, ал серіктестері: Freedom Bank Kazakhstan, Kaspi.kz, Yandex Qazaqstan және BI Group.