Home Робот пен дрондар,ЖИ Ғарыштағы қазба байлықтарын игеруге арналған робот таныстырылды

Ғарыштағы қазба байлықтарын игеруге арналған робот таныстырылды

17

Қытайлық инженерлер ғарыштағы пайдалы қазбаларды өндіруге арналған ерекше робот жасап шығарды. Шанхайдағы Қытай тау-кен ісі және технология университетінің мамандары ұсынған бұл құрылғы болашақта Ай мен астероидтардан минералдар алуға көмектеспек.

Роботтың алты аяғы бар: үшеуі – қозғалысқа арналған доңғалақты, ал қалған үшеуі – жерге мықтап бекініп, бұрғылау жұмыстарын жүргізуге бейімделген. Құрылғы сынақтан сәтті өтіп, Айдағы салмақсыздыққа ұқсас жағдайларда тексерілді. Қытайдың орталық телеарнасының хабарлауынша, құрылғының патентке өтінімі қазірдің өзінде берілген.

Ғалымдардың айтуынша, ғарыш ресурстарын игеру – болашақ зерттеулердің негізгі бағыты. Ли Жуйлинь есімді зерттеуші бұл салаға әлемдік деңгейде ерекше назар аударылып жатқанын атап өтті. Айдағы пайдалы қазбалар ғылыми қауымдастықтың басты зерттеу нысанына айналғанымен, сирек кездесетін элементтерге бай астероидтар да үлкен қызығушылық тудырып отыр.