Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн көрсетілді

Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн көрсетілді

15

2025 жылдың алғашқы алты айында Қарағанды облысында шамамен 9 миллион мемлекеттік қызмет көрсетіліп, соның 99,6 пайызы электрондық форматта ұсынылды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Облыстық цифрландыру басқармасының мәліметінше, өңірде 186 түрлі мемлекеттік қызмет қолжетімді. Олардың көпшілігін тұрғындар онлайн түрде пайдалана алады. Қазіргі таңда тек 17 қызмет қағаз түрінде ғана көрсетіледі.

Ең көп сұранысқа ие қызметтер – денсаулық сақтау саласына қатысты. Алты ай ішінде дәрігерге жазылуға 6,6 миллион өтініш тіркелген. Бұған қоса, тұрғындар жедел жәрдем шақырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген, мектеп пен балабақшаға балаларын тіркеу бойынша да белсенділік танытқан.

Халықты ақпараттандыру мақсатында өңірде қабылдау орталықтары мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, ақпараттық жәрмеңкелер ұйымдастырылып, түсіндіру материалдары таратылады. Сонымен қатар, eGov mobile және DamuMed сынды мобильді қосымшаларды қолданушылар қатары артып келеді.