Home Технологиялар Ғаламтор және желі Апта жаңалықтарына шолу

Апта жаңалықтарына шолу

18

Сәлем, құрметті оқырман! Өткен аптада ғылым, технология және қаржы саласында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Қазақ тілі халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерілді, онлайн кредиттерге қатысты шектеулер енгізілуі мүмкін, ал биокомпьютерлер дәуірі басталды. Сонымен қатар, еліміздегі білікті мамандар тапшылығы мен оларды тарту мәселесі күн тәртібіне шықты. Назарларыңызға ең қызықты жаңалықтарды ұсынамыз:

Қаржы саласындағы алаяқтық әрекеттерге қарсы қандай шаралар қолға алынбақ?

Алғашқы биокомпьютер іске қосылды . Адам миымен жұмыс істейтін жаңа технология ғылымның жаңа белесін көрсетті.

Қыздардың еркін әрі сенімді сезінуіне бағытталған жаңа жоба таныстырылды. Бастама қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, өзара қолдау мен құқық қорғауға да ықпал етеді.

Елде білікті IT мамандардың саны азайып келеді. Бұл саладағы бәсекелестікті арттыру және тәжірибелі мамандарды тарту үшін жаңа бастамалар қолға алынуда. Қазақстанға әлемдік деңгейдегі IT мамандарын шақыру, жергілікті кадрларды қолдау және саладағы мүмкіндіктерді кеңейту бағытында қандай өзгерістер күтілуде?

Әсіресе, Алматыда өтетін SecureX Kazakhstan 2025 көрмесі – қауіпсіздік пен инновациялар саласындағы маңызды сәттердің бірі. Бұл шарада заманауи технологиялар, жаңа шешімдер мен трендтер ұсынылып, сала мамандарының басын қосады.

Ең өзекті жаңалықтар мен сараптамалық материалдардан хабардар болу үшін біздің сайтты бақылап отырыңыз!