Apple компаниясының бас директоры Тим Кук АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациялық комитетіне 1 миллион доллар қаржы аударды. Бұған дейін бұл қадамды OpenAI жетекшісі Сэм Альтман, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос және Meta компаниясы жасаған. Axios басылымының мәліметінше, бұл тек қаржылай көмек емес, жаңа әкімшілікпен қарым-қатынасты нығайтуға деген ұмтылыс.
Тим Куктың Трамппен жеке байланысы бұрыннан бар. Ол бірнеше рет Трамп мұнарасында және Мар-а-Лаго курортында кездесулер өткізген. Сонымен қатар, Трампты сайлаудағы жеңісімен алғаш құттықтағандардың бірі болды.
Жақында Трамп пен Джефф Безос қатысқан кешкі асқа Илон Маск та қосылса, Кук Мар-а-Лагодағы кездесулерге қатысқан. Сарапшылардың пікірінше, Алабама штатында дүниеге келген Кук үшін инаугурацияға қаржы бөлу – тек қолдау ғана емес, құрмет көрсету белгісі. Алайда, Apple компаниясы бұл әрекетке қатысты ресми пікір білдірмеді.