Жаңа смартфон Алматыда өткен тұсаукесерде көпшілікке ұсынылды. Тек 20 минутта толық қуатталатын, жады 1 терабайтқа дейін жететін бұл құрылғы – компанияның инновациялық қадамының бірі.
Xiaomi компаниясы флагмандық Xiaomi 13T және Xiaomi 13T Pro смартфондарын ресми түрде ұсынды. Бұл жолы басты назар — қуатты Dimensity 9200+ процессоры мен Leica-мен бірлесіп жасалған кәсіби камера жүйесіне аударылған.
Алғаш болып құрылғыны қолына ұстағандар оның сапалы жиналған корпусын және қолда ыңғайлы жататын эргономикасын жоғары бағалады.
Жаңа модельдерде Leica оптикасы мен бейнені тұрақтандыру жүйесі бар 50 мегапиксельдік кеңбұрышты камера, 3 есе оптикалық үлкейтуге мүмкіндік беретін 50 мегапиксельдік телефотообъектив және 12 мегапиксельдік ультракең бұрышты камера бар.

Xiaomi 13T сериясы шығармашылықпен айналысатындарға ұнайтыны сөзсіз. Мұнда Leica Authentic Look және Leica Vibrant Look секілді екі бірегей фотостиль қарастырылған. Ал Leica Sepia және Leica Blue фильтрлері ерекше кадрлар түсіруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, LOG 4:2:0 H.265 форматындағы 10-биттік бейнежазба технологиясы арқылы ашық түсті әрі жоғары сапалы видеолар түсіруге мүмкіндік бар.

Смартфон IP68 стандарты бойынша су мен шаңға төзімді. Қызу кезінде құрылғыны салқындату үшін Xiaomi көлемі 5000 мм² болатын тот баспайтын болаттан жасалған арнайы пластина орнатқан. Бұл — компания тарихындағы ең үлкен салқындату жүйесі. Артқы қақпағы экологиялық былғарыдан жасалған. Сонымен қатар, экологиялық тұрғыда қайта өңделген материалдар да қолданылған. Бұл – Xiaomi-дің сапа мен саналы тұтынуға деген ерекше көзқарасын білдіреді.
Xiaomi 13T Pro және Xiaomi 13T үш түсте сатылады: Alpine Blue (аспан көк), Meadow Green (жасыл) және Black (қара).

Xiaomi 13T Pro смартфоны 512 ГБ және 1 ТБ тұрақты жадымен, ал Xiaomi 13T моделі — 12 ГБ жедел және 256 ГБ тұрақты жадымен жабдықталған. Бағасы тиісінше 389 990 теңгеден және 299 990 теңгеден басталады.
Сондай-ақ тұсаукесерде компания Xiaomi 13T сериясына үйлесімді жаңа Xiaomi Smart Band 8 смарт-білезігін таныстырды.

Xiaomi 13T сериясына арналған толық шолу жақын күндері порталға жарияланады. Жаңалықтардан құр қалмаңыз!