Home Техника Аутдор Алматыда электрлі велосипедтер жалға беріле бастайды

Алматыда электрлі велосипедтер жалға беріле бастайды

85

Алматыда электрлі велосипедтерді жалға беру жүйесі іске қосылады. Алғашқы кезеңде 2000 велосипед пайдалануға беріледі. Егер сұраныс жоғары болса, олардың саны артады, деп хабарлайды digitalbusiness.kz

Жобаны «Алматы паркинг» коммуналдық мекемесі жүзеге асырады. Бұл ұйым қаладағы автотұрақ жүйесін реттеумен де айналысады.

Жобаны дайындау барысында мамандар әлемнің бірқатар елдерінің – Еуропа, Жапония, Корея, Қытай мен Ресейдің тәжірибесін зерттеген. Нәтижесінде, велосипедтердің қауіпсіздігін арттыру мақсатымен арнаулы вандализмге төзімді жабын қолданылатыны белгілі болды. Сонымен қатар, олардың жақтау мен тежегіштері күшейтіліп, төмен температурада да жұмыс істей алатын батареялар орнатылады.

«Алматы паркинг» өкілдерінің айтуынша, велосипедтерге орнатылатын басқару жүйесі соңғы технологиялар негізінде жасалады. Бұл жүйе қала әкімдігінің бақылауында болады. Қазір велосипедтерді нақты уақытта бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, қосымшаға автотұрақтардың картасы да енгізіледі.