Home Электроника Ақылды құрылғылар Су мен құрлықты бағындырған амфибиялық робот

Су мен құрлықты бағындырған амфибиялық робот

12

Қытайлық Beatbot компаниясы «CES-2025» көрмесінде тасбақаға ұқсайтын инновациялық теңіз платформасын таныстырды. Бұл құрылғының ерекшелігі – жоғары автономдылығында. Ол күн энергиясын пайдаланып, әрі суда, әрі құрлықта қозғала алады. Бұл робот теңіз экожүйесін зерттеуге және оның тұрғындарын бақылауға арналған әмбебап құрал болып табылады.

Роботқа «Amphibious RoboTurtle» атауы берілген. Оның көп буынды бионикалық аяқтары тасбақаның қозғалысын айнытпай қайталайды. Біріншіден, мұндай шешім қоршаған ортаға еш зиянын тигізбейді. Өйткені басқа роботтардың пропеллерлері мен суатқыштарына қарағанда табиғатқа қауіп төндірмейді. Екіншіден, бұл аяқтар құрылғыға түрлі кедергілерден өтуге және құрлықта баяу болса да еркін қозғалуға мүмкіндік береді.

Су мен құрлықты бағындырған амфибиялық робот

Amphibious RoboTurtle әртүрлі өлшемдер мен жабдықтарда шығарылады. Тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне сай жасанды интеллектіге негізделген бақылау жүйесін орнатуға болады. Бұл жүйе арқылы робот белгілі бір нысандарды немесе теңіз жәндіктерін анықтап, олардың соңынан бақылау жүргізе алады.Робот уақыт өте күн энергиясынан қуат алып, ақпарат алмасу үшін жер бетіне шығады. Ал қалған уақытта әртүрлі тереңдіктерде жүзіп, энергияны үнемдеу үшін толқынмен бірге қалқып жүре алады.Beatbot-тың бұл жаңа технологиясы теңіз экожүйесін зерттеудегі жаңа қадам болары сөзсіз