Илон Масктың «бір күні Күн Жер бетіндегі тіршілікті түгелдей жойып жібереді» деген сөзі көптің көкейінде жүрген сұрақты қайта көтерді. Ал енді NASA мен Жапониядағы Тохо университетінің ғалымдары Күннің ұзақ мерзімді эволюциясына арналған зерттеу жүргізіп, адамзат болашағына қатысты нақты болжам жасады.
Зерттеушілер заманауи суперкомпьютерлер мен математикалық модельдер арқылы 400 мыңнан астам симуляция жасап, Жердегі тіршілікке қауіп төндіретін басты фактор — Күннің температурасының үнемі артуы екенін анықтады. Ғалымдардың есебінше, шамамен 1 000 002 021 жылы Жер бетінде тіршілік жойылады Күн қыза түсіп, Жердің климаты тірі ағзаларға жарамсыз күйге жетеді, ал атмосферадағы оттегі мөлшері күрт азаяды.
Зерттеуде Күннің шамамен 5 миллиард жылдан кейін қызыл алып жұлдызға айналатыны да айтылған. Бұл кезеңде Күндегі сутегі қоры таусылып, ол көлемін бірнеше есе ұлғайтады. Нәтижесінде Меркурий мен Шолпан (Венера) планеталарын, тіпті Жерді де жұтып қоюы мүмкін.
«Марс — бұл адамзаттың өмірін сақтап қалудың бір түрі. Күн уақыт өте келе кеңейіп, Жерді жарамсыз етеді. Сондықтан біз көппланеталық өркениетке айналуымыз керек», — деді Илон Маск Fox телеарнасына берген сұхбатында.
Бүгін болмаса да, ертең емес, бірақ келешекте адамзат Күннің қаһарына тап келуі әбден мүмкін. Ғылым мен технологияның дамуы бұл қауіптен құтылудың жолын таба ала ма — ол енді уақыттың еншісінде.