Home Кәсіби маман Қазақстанда деректерді қорғаудың бірегей жүйесі енгізілді

Қазақстанда деректерді қорғаудың бірегей жүйесі енгізілді

24

Робокэш.кз (бренд “Займер”) – елдегі микроқаржы ұйымдары арасында клиенттердің деректерін қорғаудың жаңа жүйесін енгізген алғашқы компания. Бұл шешім компанияны Қазақстанның қаржы секторында киберқауіпсіздік саласында көшбасшы етті.

Жаңа жүйе деректерді криптографиялық қорғау және ақпараттың тұтастығын бақылау алгоритмдеріне негізделген. Ол 28147-89 мемлекеттік стандартына сай жасалған және клиент ақпаратының құпиялылығын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Мәліметтер базасындағы ақпарат арнаулы қорғаныс әдісімен өңделіп, кесте деңгейінде қорғалады. Бұл жүйе деректерді түрлендіріп сақтайды, сондықтан тіпті толық қолжетімділігі бар әкімшілік те қорғалған ақпаратты оқи алмайды.

Құпия мәліметтер тек тиісті рұқсаты бар қолданушыларға ғана ашық күйде қолжетімді.

Кілттерді сақтау мен қолдану қауіпсіздігі ерекше бақылауда – жүйенің жұмыс ортасы оларға тікелей қол жеткізе алмайды, тек сәйкестендіргіштер арқылы әрекет етеді. Бұл тәсіл деректердің сыртқы қолжетімділік қатерін мейлінше азайтады.

Жаңа қорғаныс жүйесі халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келеді және Қазақстандағы қаржы технологиялары саласында жаңа стандарт қалыптастырады.

Соңғы жылдары кибершабуылдар мен деректердің таралу қаупі артып келеді. Сарапшылардың мәліметінше, 2024 жылы Қазақстандағы қаржы ұйымдары кибершабуылдардың ең жоғары көрсеткішімен бетпе-бет келді. Осыны ескере отырып, Робокэш.кз (бренд “Займер”) жаңа буынның көпсатылы қорғаныс жүйесін енгізді. Бұл шешім келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

– Жеке ақпараттың сенімді қорғалуы – клиенттердің деректері нөлдік ашықтық қағидаты бойынша қорғалып, бөгде адамдардың қолжетімділігі толықтай шектеледі;

– Кибершабуылдарға төтеп беру – заманауи қауіпсіздік алгоритмдері әлемдік қаржы алпауыттары қолданатын қорғаныс жүйелеріне теңестірілген;

– Құпиялылықтың толық сақталуы – деректерді сақтау архитектурасы рұқсатсыз кірудің алдын алады.

Қорғаныс жүйесін орнату үшін ISO 9001 стандартына сай сертификатталған құралдар пайдаланылды. Бұл компанияның сапа менеджменті жүйесіне қойылатын халықаралық талаптарға толық сәйкес келетінін растайды. Яғни, барлық операциялардың тиімділігі, сенімділігі және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған қатаң бақылау процестері енгізілген. Аталған сертификаттың болуы – қаржы саласы үшін аса маңызды тұрақтылық пен деректерді қорғау қағидаттарына берік екенін көрсетеді.

Бұл фактор клиент үшін неліктен маңызды?

“Займер” үшін пайдаланушылардың деректерін қорғау – басты басымдық. Компания көпсатылы, сенімді әрі заманауи қауіпсіздік жүйесін қалыптастырып, оны үнемі жетілдіріп келеді.

– Деректердің жоғалу қаупі жоқ – ақпарат барлық кезеңде арнайы әдістермен қорғалады.

– Алаяқтыққа жол берілмейді – жүйе күмәнді операцияларды автоматты түрде анықтап, дереу бұғаттайды.

– Толық бақылау – клиенттер өз деректерін басқарып, қолжетімділік деңгейін өздері белгілей алады.

Компания өкілдері жеке деректерді қорғау – жай ғана технологиялық жетістік емес, стратегиялық міндет екенін атап өтті.

“Қаржылық технологиялар адамдардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қауіпсіздігін де қамтамасыз етуі тиіс. Біз деректерді қорғау бойынша заманауи шешімдерге жүйелі түрде инвестиция құямыз және киберқауіпсіздік деңгейін үнемі арттырып отырамыз. Қорғау жүйесін, криптографиялық өзгерістер мен ақпараттың тұтастығын бақылау алгоритмдерін енгізу – клиенттердің сенімін нығайтуға және жеке деректерді барынша қорғауға бағытталған стратегиялық қадам”, – деді Робокэш.кз (бренд “Займер”) компаниясының бас директоры Алмаз Торутаев.

Сарапшылардың пікірінше, Робокэш.кз (бренд “Займер”) енгізген жаңа қауіпсіздік шешімі бүкіл қаржы секторына әсер етіп, саланың даму бағытын айқындауы мүмкін. Осылайша, компания тек клиенттердің жеке деректерін қорғаудың заманауи жүйесін енгізіп қана қоймай, Қазақстанда деректер қауіпсіздігінің жаңа стандарттарын қалыптастырып, қаржы нарығында сенімділікті күшейтті.

Алтын Серсенова