Home Uncategorized @kk-kz АҚШ-та Илон Маск ойлап тапқан Grok чат-ботына тыйым салынуы мүмкін.

АҚШ-та Илон Маск ойлап тапқан Grok чат-ботына тыйым салынуы мүмкін.

36

2023 жылдың қарашасында жарияланғаннан бері аталмыш қызметке көптеген шағымдар түскен болатын. Алайда нақты дау 2024 жылдың тамыз айында басталды. Бұл кезде Grok- ты Дональд Трамп пен Камала Харрис арасындағы саяси күресте пайдалана бастады. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, Grok-қа тыйым салынуы- болашақта жасанды интеллектке қатысты цензураның күшеюіне әкелуі мүмкін.Ұлыбританияның Цифрлық жеккөрушілікке қарсы күрес орталығының зерттеушілері Grok-тың АҚШ-тағы сайлау жайлы жалған ақпарат таратуға ықпал ететінін анықтады. Бұл платформа әлеуметтік желі X (бұрынғы “Twitter” атымен белгілі) арқылы суреттерді таратуға мүмкіндік береді. Негізін қалаушы Илон Маск қызметті бұғаттау туралы көптеген талаптарға жауап беруге мәжбүр болды. Алғашында кәсіпкер бұл талаптарды әзілге айналдырғанымен, кейін 2024 жылғы президенттік сайлау жайлы ақпаратқа қатысты қызметтің жұмысына өзгеріс енгізді. Бұл АҚШ-тың бес сенаторы сайлау науқаны туралы жалған ақпарат таратуды доғаруын талап еткеннен кейін болды.