Home Кәсіби маман Қазақстандық кәсіпкерлерге арналған ақпараттық хабарлама

Қазақстандық кәсіпкерлерге арналған ақпараттық хабарлама

12

Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі өнімдер Ұлттық тауарлар тізбесімен байланыстырылады.Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» ақпараттық жүйесінің e-ondiris.gov.kz платформасындағы функционалдық мүмкіндіктердің жаңартылатынын хабарлайды.

Жаңарту енгізілгеннен кейін тауар өндірушілер өнімдерін Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу кезінде Ұлттық тауарлар тізбесінен тиісті тауар түрін таңдауы қажет болады. Ұлттық тауарлар тізбесі nct.gov.kz ақпараттық ресурсында орналастырылған. Осыған байланысты тізілімге енгізілетін әрбір тауар алдымен Ұлттық тауарлар тізбесінде тіркеліп, оған бірегей NTIN коды берілуі тиіс.

Бұл өзгеріс тауарлар туралы мәліметтерді біріздендіруге, өнім атауларының қайталануы мен әртүрлі жазылуынан туындайтын алшақтықтарды болдырмауға, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерде тауарларды сәйкестендірудің бірыңғай тәртібін қалыптастыруға бағытталған.

Өндірушілер не істеуі қажет?

  • Тауар өндірушілерге алдын ала мына жұмыстарды орындау ұсынылады.
  • Өздері өндіретін тауарлардың Ұлттық тауарлар тізбесіне енгізілгенін тексеру.
  • Қажетті тауар түрі тізбеде болмаған жағдайда, оны Ұлттық тауарлар тізбесіне тегін тіркеп, NTIN кодын алу.
  • Ұлттық тауарлар тізбесінде тіркелген тауар туралы мәліметтердің Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілетін немесе бұрын енгізілген өнімге сәйкес келетінін тексеру.

Бұл не үшін қажет?

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін Ұлттық тауарлар тізбесімен байланыстыру Қазақстан Республикасында тауарлардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық жүйе қалыптастыру жұмысының бір бағыты болып табылады.

Бірыңғай NTIN сәйкестендіру кодын пайдалану Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі мәліметтердің дұрыстығын арттыруға, отандық өндірушілердің өнімдерін нақты сәйкестендіруге, сондай-ақ тізілімді мемлекеттік сатып алу жүйелерімен және басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастыруды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты министрлік қазақстандық тауар өндірушілерге өз өнімдерінің Ұлттық тауарлар тізбесіне енгізілгенін алдын ала тексеруді ұсынады. Қажет болған жағдайда тауарды тіркеп, оған NTIN кодын алу қажет.

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.