2025 жылдың 21 сәуірде тұрмыстық электроника нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – LG Electronics Алматыда LG Signature OLED T – әлемдегі алғашқы мөлдір әрі сымсыз теледидарын көпшілік назарына ұсынды.
Жаңа өнімнің таныстырылымы компанияның серіктестері, медиа мен сала сарапшылары қатысқан арнайы шара аясында өтті. Қонақтар LG-дің жаңа буындағы технологияларын алғашқылардың бірі болып тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Бұл шара LG брендінің жаңашылдық пен премиум техника сегментіндегі көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
LG Signature OLED T – экранның артындағы кеңістікті көруге мүмкіндік беретін ерекше құрылғы. Өзін-өзі жарықтандыратын бірегей экранының арқасында пайдаланушыларға мөлдір және қалыпты режимдерарасында бір батырманың көмегімен оңай ауысуғамүмкіндік береді. Мөлдір режимде OLED Tфутуристік көру тәжірибесін ұсынып, әлемді жаңашакөруге мүмкіндік береді. Экран ауада қалықтап жүрген бейнелердің иллюзиясын жасап, экрандағы көріністермен қоршаған кеңістіктің әсерлі үйлесімін қамтамасыз етеді.
Құрылғы халықаралық деңгейде кеңінен танылды. LG Signature OLED T TIME журналының нұсқасы бойынша жылдың ең үздік өнертабыстары рейтингіне енді, сондай-ақ CES 2024 Innovation Awards аясында бес марапатқа ие болды, оның ішінде ең жоғары санат – Best of Innovation жүлдесі де бар.

«LG компаниясы Қазақстанда 27 жылдан астам уақыт бойы тұтынушыларға өмір сапасын жақсартатын инновациялық шешімдер ұсынып келеді. Бүгінде компания заманауи OLED технологияларын бірегей форм-факторлармен, мөлдір экрандармен және сымсыз шешімдермен біріктіре отырып, технологиялық көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтуда. Жаңа OLED T қазақстандық пайдаланушыларға көрудің көпқырлы тәжірибесін және кеңістікті ұйымдастыруда бұрын-соңды болмаған икемділікті ұсынады – бұл мүмкіндіктер басқа теледидар өндірушілерінде жоқ», – деп атап өтті LG Electronics Almaty Kazakhstan компаниясының президенті Хак Хён Ким (Hak-hyon Kim).
Таныстырылым аясында ерекше назар OLED evo теледидарларына аударылды – бұл премиум санатындағы теледидарлар сегментінде 12 жыл қатарынан2 көшбасшы деп танылған модельдер. Жоғары жарықтылығы, қара түстің тереңдігі және заманауи процессорларының арқасында OLED evo теледидарлары бейнені көрсету сапасының эталоны болып қала береді.

Бұдан бөлек, will.i.am-мен бірлесе әзірленген жаңа XBOOM аудиоқұрылғылары таныстырылды. Танымал музыкант LG бренді үшін «Пайдаланушы тәжірибесінің сәулетшісі» ретінде тағайындалған. Бұл бастама LG компаниясының тек қана техника өндірумен шектелмей, мәдени үрдістерді қалыптастыруға және күнделікті өмірге жаңа мағына енгізуге ұмтылысын көрсетеді. will.i.am өзі реттеген XBOOM құрылғыларына ерекше дыбыс сипаттамасы тән – жылы, жанды әрі үйлесімді дыбыс профилі. Дизайны will.i.am-нің поп-мәдениет саласындағы көпжылдық тәжірибесінен және аудиториямен резонанс тудыратын құндылықтарды терең түсінуінен шабыт алған.

Таныстырылымның ресми бөлігі аяқталған соң қонақтар жаңа өнімдерді сынап көріп, олардың функционалдығы мен дизайнын бағалауға, сондай-ақ компания өкілдеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Іс-шара соңында LG брендінің Қазақстандағы дамуына елеулі үлес қосқан серіктестер компания тарапынан марапатталды.
Іс-шара LG компаниясының премиум сегменттегі көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстан нарығындағы ұстанымын технологиялық инновациялар, стратегиялық серіктестіктер және брендті ілгерілетудегі креативті тәсілдер арқылы нығайта беруге ниетті екенін айқын көрсетті.