LinkedIn платформасы өз пайдаланушыларына көмек көрсету үшін жаңа жасанды интеллект агентін сынақтан өткізуге кірісті. Жаңа құрал кәсіби байланыстар орнату кезінде, пайдаланушылардың сұраныстарына сәйкес ең тиімді мамандарды іздеуге көмектесуді мақсат етеді. Қазіргі таңда бұл функция тек сынақ кезеңінде.
LinkedIn жаңа көмекші ЖИ— Hiring Assistant — пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды таңдауда көмектесетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, ЖИ маман іздеу барысында қандай дағдыларға назар аудару керектігі туралы кеңестер береді. Ол сондай-ақ түрлі хаттар мен жобалар, туралы сипаттамаларды жазуға көмектеседі.
Қазіргі уақытта платформа жаңа құралдың сапасын шағын топтағы қолданушылар арасында қолдану арқылы тексеруде. Ал жақын арада бұл функцияны кең аудиторияға ұсыну жоспарланып отыр.
Қосымша ақпарат
Өткен жылдың қараша айында LinkedIn платформасы өзінің қолданушыларына контент жазу мен оқу процесін жеңілдететін бірнеше жасанды интеллект құралдарын енгізген болатын. Бірақ бұл мүмкіндіктер тек Premium жазылымы бар пайдаланушыларға қолжетімді.
Бұдан бөлек, 2023 жылдың қыркүйек айында LinkedIn платформасы америкалық пайдаланушылардың деректерін өз ЖИ модельдерін оқыту үшін өңдей бастады. Платформаның ережелеріне сәйкес, пайдаланушылар мәліметтерін жинауға қарсы бола алады, бірақ бұл олардың бұрынғы мәліметтерінің өңделуіне әсер етпейді.