Home Және басқа ақпараттар Және басқалары Қарағанды облысы индустриялық-инновациялық дамуда көш бастады

Қарағанды облысы индустриялық-инновациялық дамуда көш бастады

14

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы бойынша Қарағанды облысы елдегі индустриялық-инновациялық дамуда үздік өңір деп танылды.

Рейтинг құрастыру барысында өндіріс көлемі, технологиялық жаңашылдық деңгейі, шикізатқа тәуелсіз сектордың дамуы, экспорттық әлеует, инновацияны енгізу мен өндірісті цифрландыру сияқты көрсеткіштер ескерілген.

Мамандардың айтуынша, Қарағанды облысының табысына негіз болған басты себептердің бірі – өңдеу өнеркәсібінің жоғары шоғырлануы, автоматтандырылған жүйелерді белсенді енгізу және қосымша құны жоғары өнім өндіретін кәсіпорындардың көбеюі.

Бес үздік өңірдің қатарында Астана қаласы, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстары да бар. Бұл аймақтар өндірістік әлеуетті тұрақты түрде арттырып, заманауи өндіріс жолына бет бұрған.

Сарапшылардың пікірінше, өңірлік индустрияның қарқынды дамуына инвестиция тарту, ғылыми-зерттеу бағыттарын кеңейту және білікті кадр даярлау тікелей әсер етеді.

Үкімет индустриялық өсімді қолдауға бағытталған бірқатар шараларды жалғастырмақ. Олардың қатарында – индустриялық аймақтар құру, жоғары технологиялы өндірістерді жергілікті жерде орналастыруды ынталандыру сынды бастамалар бар.