Home Электроника Камералар Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

21

Дүйсенбі кешінде Xiaomi компаниясының жаңа құрылғылары таныстырылған шараға қатыстық. Залда журналистер мен блогерлер, камералар мен түсірілім тобы, кештің басты жаңалығын көпшілікпен бірге алғашқылардың бірі болып көруге келген қонақтар жиналды. Жарықтандыруы мен сахналық безендірілуі де таныстырылымның өзіне сай мұқият ойластырылған.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Бұл жолы REDMI Note 17 жаңа модельдері таныстырылды. Бұл жолы назар аударарлық жаңалық аз емес. REDMI Note желісінің тарихында алғаш рет Pro Max үлгісі ұсынылып отыр. Смартфондардың ішкі мүмкіндіктері ғана емес, сыртқы келбеті де айтарлықтай өзгерген.

Жаңа құрылғылардың мүмкіндіктерін өзіміз сынап көріп, Xiaomi компаниясының қазақстандық пайдаланушыларға қандай жаңалықтар ұсынғанын саралап көрдік. Ендеше, толығырақ танысайық.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

REDMI Note 17 смартфонын қолға алған сәтте ең алдымен оның жаңарған сыртқы келбеті көзге түседі.

Жаңа модельдердің дизайны жинақы әрі заманауи сипатқа ие болған. Тегіс экран, корпустың жұмырлана түскен сызықтары және қайта жасалған камера блогы смартфонға салмақты әрі сәнді көрініс береді.

Әсіресе «Бұлтты қызғылт реңк» түсіндегі REDMI Note 17 Pro Max 5G ерекше көрінеді. Оның артқы панелі ультракүлгін сәуленің әсерінен түсін өзгерте алады. Бөлме ішінде оның түсі көзге жайлы, бірқалыпты реңкте көрінсе, күн сәулесіне шыққанда қызғылт пен қызғылт сары түстер араласқан жылы реңкке енеді.Мұндай өзгеріс назардан тыс қалмайды, әсіресе айналадағы адамдардың қызығушылығын бірден оятады.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

REDMI Note 17-ні қолға алғанда бірден көзге түсетіні де осы.изайнын жақынырақ қарап, қыр-сырын байқап, қолда біраз ұстап көргің келеді. Xiaomi құрылғының сыртқы бейнесін де ұсақ-түйегіне дейін ойластырғаны көрінеді.

Қуаты мол аккумулятор

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Таныстырылымда 10 000 мА·сағ аккумулятордың мүмкіндігіне ерекше мән берілді. Осындай сыйымдылықтағы аккумулятор REDMI Note 17 Pro Max 5G моделіне орнатылған. Xiaomi компаниясының мәліметінше, смартфонды бір рет толық қуаттап алған соң үш күнге дейін пайдалануға болады. Ал қайта қуаттауға ұзақ уақыт жұмсалмайды. Құрылғы 100 ваттық HyperCharge жылдам қуаттау технологиясын қолдайды.

Смартфонды жұмыста жиі қолданатындар мен жолда көп жүретіндер үшін мұндай аккумулятордың пайдасы күнделікті қолданыста бірден сезіледі. Әсіресе жұмыс арасында қуаттағыш іздеп, розеткаға тәуелді болғысы келмейтіндерге бұл мүмкіндік қолайлы.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Xiaomi таныстырылымда смартфондардың сыртқы факторларға төзімділігіне де ерекше мән берді.

REDMI Note 17 Pro Max 5G және REDMI Note 17 Pro 5G модельдерінің корпусы берік етіп жасалып, су мен шаңнан қорғаныс деңгейі күшейтілген. Өндірушінің мәліметінше, екі смартфон да екі метрге дейінгі тереңдікке 72 сағат бойы батырылған жағдайда жұмысын сақтай алады.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Әрине, бұл мүмкіндікті әдейі үй жағдайында текмеріп көруге кеңес бермейміз. Дегенмен мұндай қорғаныстың күнделікті қолданыстағы маңызы түсінікті. Жаңа REDMI Note модельдері күнделікті қолданысты ескере отырып жасалған. Мәселен, құрылғы жаңбыр астында қалуы, абайсызда жерге түсіп кетуі немесе суға шылануы мүмкін. Осындай сәттерде смартфонның сыртқы әсерлерге төзімді болуы оның күнделікті қолданыстағы сенімділігін арттыра түседі.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Экранның сипаттамаларына да назар аударған жөн.

Смартфоннан сериал көріп, бейне тамашалағанды немесе ойын ойнағанды ұнататындар үшін экран өлшемі маңызды. Pro модельдерінде экран диагоналі 6,83 дюйм болса, REDMI Note 17-де бұл көрсеткіш 6,99 дюймге жетеді.

Кескін анық, түстері қанық, ал экранның жоғары жарықтығы далада қолданғанда әсіресе қолайлы. Қысқасы, кешкісін сериал көруге кіріссеңіз, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай, бірнеше бөлімді қатарынан көріп шығуыңыз мүмкін.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Таныстырылымда камера мүмкіндіктеріне де ерекше назар аударылды.

REDMI Note 17 Pro Max 5G моделінің камерасы портрет түсіруге және тері реңктерін табиғи жеткізуге бейімделген. Ал барлық жаңа модель екі камерамен бір уақытта видео түсіре алады.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Күнделікті өмірін, саяхатын түсіріп жүретін немесе бір оқиғаны бірден бірнеше қырынан сақтап қалғысы келетіндер үшін бұл мүмкіндік қолайлы. Ал сурет ойдағыдай шықпай қалса, смартфондағы жасанды интеллект құралдарының көмегіне жүгінуге болады. Олар кадрдағы артық нысандарды, жарықтың шағылуын алып тастап, дайын суреттің сапасын аздап жақсартуға мүмкіндік береді.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Ұзақ уақытқа жарай ма?

Смартфондардың өнімділігіне де көңіл бөлінген. Ең жоғары үлгідегі REDMI Note 17 Pro Max 5G Snapdragon 6 Gen 5 процессорымен жабдықталған. Сонымен қатар жаңа модельдерде Google Gemini және Circle to Search with Google сияқты жасанды интеллектке негізделген мүмкіндіктер бар. Техникалық сипаттамаларды былай қойғанда, мұндағы негізгі мақсат түсінікті. Xiaomi смартфонның тек сатып алған сәтте ғана емес, бірнеше жылдан кейін де өзектілігін сақтап, күнделікті қолдануға қолайлы болғанын көздейді.

Осы мақсатта компания жаңа модельдерге алты жылға дейін қауіпсіздік жаңартуларын ұсынатынын мәлімдеді.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Қорытындылайық

REDMI Note 17 модельдерімен танысып, сынап көргеннен кейін құрылғылардың мүмкіндіктері бір-бірімен үйлесім тапқаны байқалады. Xiaomi бұл жолы бір ғана ерекшелікпен таңғалдыруға ұмтылмай, күнделікті қолданыста қажет болатын бірнеше мүмкіндікті бір құрылғыға жинақтаған.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Сыйымдылығы жоғары аккумулятор, жылдам қуаттау, су мен соққыдан қорғаныс, үлкен әрі жарықтығы жоғары экран, контент түсіруге арналған камералар және жаңарған дизайн жаңа модельдердің негізгі ерекшеліктерін айқындайды.

Бұған қоса, REDMI Note желісінде алғаш рет Pro Max үлгісі ұсынылды. REDMI Note 17 Pro Max 5G осы топтағы ең жоғары деңгейлі модель ретінде қатарға қосылды.

Xiaomi Қазақстанда REDMI Note 17 жаңа модельдерін таныстырды

Қазақстанда REDMI Note 17 смартфонының бағасы 119 990 теңгеден, REDMI Note 17 Pro 5G моделі 159 990 теңгеден, ал REDMI Note 17 Pro Max 5G 239 990 теңгеден басталады.

15 қарашаға дейін смартфондарды тиімдірек бағамен сатып алуға болады.

Жаңа REDMI Note 17 модельдерімен таныстығымыз осымен аяқталды. Ендігі кезекте бұл құрылғылардың таныстырылымнан кейінгі күнделікті қолданыста өзін қалай көрсететінін пайдаланушылардың тәжірибесі аңғартады.