Home Және басқа ақпараттар Жасөспірімдерге арналған Қазақстанның 12 өңірінен жиналған жастар Creative Start бағдарламасында өз жобаларын таныстырды

Қазақстанның 12 өңірінен жиналған жастар Creative Start бағдарламасында өз жобаларын таныстырды

10

6 маусым күні Қарағанды қаласында Creative Start білім беру бағдарламасының қорытынды кезеңі өтті. Жоба аясында жасөспірімдер сегіз апта бойы шығармашылық идеяларын әлеуметтік және экологиялық маңызы бар нақты жобаларға айналдырудың қыр-сырын меңгерді. Бағдарлама қатысушылар үшін тегін ұйымдастырылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі үшін бұл креативті индустрия саласында еңбек етіп жүрген тәлімгерлермен алғашқы бірлескен жұмыс тәжірибесі болды. Сонымен қатар олар өз идеяларын алғаш рет көпшілік алдында таныстырып, компьютерлік ойын, бейнеролик, музыкалық туынды немесе комикс секілді алғашқы аяқталған жобаларын ұсынды. Бағдарлама жастарға шығармашылық бағыттардың ішкі ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, осы салаларда тәжірибе жинақтаған мамандардың кәсіби пікірін тыңдауға мүмкіндік берді.

Қазақстанның 12 өңірінен жиналған жастар Creative Start бағдарламасында өз жобаларын таныстырды

Қазіргі таңда креативті индустриялар әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының біріне айналды. Компьютерлік ойындарды әзірлеу, цифрлық контент жасау, анимация, музыка, дизайн және визуализация бұрын тек әуесқойлықпен байланыстырылса, бүгінде олар жоғары сұранысқа ие дербес кәсіп түрлері ретінде қалыптасты.

Қазақстан креативті индустриялар альянсының президенті Давид Туғановтың айтуынша, бағдарлама еліміздің барлық өңірінде дарынды әрі ізденімпаз жастардың бар екенін тағы бір мәрте көрсетті. Оның пікірінше, заманауи білім мен кәсіби ортаға қолжетімділік жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін қысқа уақыт ішінде ашып, олардың өз мүмкіндігін толық іске асыруына жол ашады.

Қазақстанның 12 өңірінен жиналған жастар Creative Start бағдарламасында өз жобаларын таныстырды
Давид Туғанов -Қазақстан креативті индустриялар альянсының президенті

Сегіз апта бойы қатысушылар дизайн-ойлау тәсілдерін, шығармашылық әдістерді, цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні тиімді пайдаланудың қыр-сырын меңгерді. Олар шығармашылық саланың кәсіби мамандарымен бірлесіп жұмыс істеп, сарапшылардың онлайн кездесулеріне қатысты және тәлімгерлер тарапынан жеке қолдау алды.

Бағдарлама бір мезгілде екі аудиторияға, яғни жасөспірімдер мен олардың тәлімгерлеріне арнап әзірленді. Оған 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдермен қатар ерекше білім беру қажеттілігі бар жастар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, ауылдық және шалғай өңірлердің тұрғындары, сондай-ақ 20 жастан асқан мектеп мұғалімдері мен педагогтер қатыса алды.

Қазақстанның 12 өңірінен жиналған жастар Creative Start бағдарламасында өз жобаларын таныстырды

Сегіз аптаға созылған қарқынды оқу мен табанды еңбектің нәтижесінде финалға шыққан қатысушылар өз идеяларын көпшілік назарына ұсынып, олардың нақты жобаға айналғанын көрсетті.

Жалпы алғанда бағдарламаға Қазақстанның 12 өңірінен 129 жасөспірім мен педагог қатысты. Олардың арасынан 18 команда финалға жолдама алып, жалпы жүлде қоры үш миллион теңгеге жуық қаржыны өзара бөлісті.

Қазақстанның 12 өңірінен жиналған жастар Creative Start бағдарламасында өз жобаларын таныстырды

Финалистердің басым бөлігі GameDev бағыты бойынша бақ сынады. Бұл санатта экологиялық және әлеуметтік тақырыптарды қамтитын білім беру ойындарын әзірлеген алты команда жеңіс үшін таласты. Comics & Publishing санатында бес команда өз жобаларын таныстырса, Mobile Video бағыты бойынша төрт команда өнер көрсетті. Ал Music & Beatmaking санатында үш команда финалға шықты.

Creative Start 2026 бағдарламасының жеңімпаздары:

GameDev

1-орын — Without Testing Function · Петропавл

2-орын — Imperium · Алматы

3-орын — MetaDream · Шымкент

Арнайы грант — 727 · Петропавл

Арнайы грант — Grey Sparrows · Қарағанды

Comics & Publishing

1-орын — Mainstream · Алматы

2-орын — Creeper · Қарағанды

3-орын — Forest Frame Team · Теміртау, Қарағанды облысы

Арнайы грант — 2Wings · Қарағанды облысы

Арнайы грант — SF25 · Қарағанды

Қазақстанның 12 өңірінен жиналған жастар Creative Start бағдарламасында өз жобаларын таныстырды

Music & Beatmaking

1-орын — YungCreatorCrew · Атырау / Петропавл

2-орын — Fuego · Қарағанды облысы / Шымкент

3-орын — Орешки · Қарағанды облысы

Mobile Video

1-орын — «Ортақ әлем» · Қарағанды облысы

2-орын — MVP SQUAD · Қарағанды облысы

3-орын — New Wave Crew · Қарағанды облысы

Төрт бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жобаларын одан әрі дамыту үшін ақшалай гранттар табысталды. Әр бағыттағы бірінші орын иегерлері 300 мың теңгеден, екінші орын алған командалар 200 мың теңгеден, ал үшінші орын иегерлері 120 мың теңгеден иеленді. Бұдан бөлек, қазылар алқасы арнайы аталымдар мен Академияның арнайы сыйлығын тағайындады.

Қазақстанның 12 өңірінен жиналған жастар Creative Start бағдарламасында өз жобаларын таныстырды

Көптеген жасөспірім үшін Creative Start бағдарламасы болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік берген маңызды қадамға айналды. Ал кейбір командалар өз жобаларын бағдарлама аяқталғаннан кейін де дамытып, жаңа деңгейге шығаруды жоспарлап отыр.

Білім беру жобасы AYALA қайырымдылық қоры мен «TransforNation» қоғамдық қорының бастамасымен, «Cummins Kazakhstan» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды. Жоба AYALA қайырымдылық қорының жасөспірімдерді қолдауға және жастар үшін заманауи білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Кәсіптік бағдар» бағдарламасының бір бөлігі саналады.

Creative Start бағдарламасына жасөспірімдер мен педагогтердің қатысуы толықтай тегін болды.