Home Айтулы оқиғалар Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

10

Алматы қаласындағы Gorky Park Residence кешенінде халықаралық HONOR бренді жаңа HONOR 600 смартфондар сериясының ресми таныстырылымын өткізді. Қаланың ең көркем орындарының бірінде ұйымдастырылған шара технологиялық жаңашылдық пен эстетикалық талғам үндескен кеңістікке айналды. Табиғи орта мен заманауи цифрлық құрылғылар дизайнының өзара үйлесуі іс-шараның мазмұндық әрі визуалдық тұтастығын айқындады.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Іс-шараны ұйымдастырушылар қаладағы ең көркем орындардың бірінде талғампаз әрі үйлесімді кеңістік қалыптастыра білді. Мұнда саябақтың табиғи эстетикасы мен гаджеттердің футуристік дизайны өзара жарасым тауып, біртұтас визуалды-композициялық ортаға ұласқан.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Таныстырылымға технология саласының сарапшылары, цифрлық контент жасаушылар, блогерлер және бренд аудиториясының өкілдері қатысты. Бұл жиын жоғары технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктеріне қызығушылық танытатын орта қалыптастырып, инновациялық өнімдердің қоғамдағы рөлін кеңінен талқылауға мүмкіндік берді.

HONOR компаниясы жаңа смартфондар желісін қазіргі цифрлық мәдениеттің талаптарына бейімделген құрылғы ретінде ұсынды. HONOR 600 топтамасы визуалды контентті тек тіркеу құралы ғана емес, оны өңдеу, түрлендіру және шығармашылық тұрғыда қайта ұсыну мүмкіндігіне негізделген. Смартфондар жасанды интеллект технологияларын, жетілдірілген оптикалық жүйені, жоғары өнімді процессорларды және ұзақ уақыт автономды жұмыс істеу мүмкіндігін бір құрылғыға шоғырландырған. Сонымен қатар жұқа корпус пен жоғары санатты дизайн құрылғылардың эстетикалық сипатын айқындай түседі.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Кештің басты жаңалығы әрі қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырған инновация — AI Фото–бейне 2.0 функциясы болды. Бұл мультимодальді жасанды интеллект моделіне негізделген жаңа буындағы контент генерациялау жүйесі, ол мобильді шығармашылықты мүлде басқа деңгейге көтереді. Смартфон галереясының ішінде арнайы AI батырмасы арқылы пайдаланушылар үш суретке дейін біріктіріп, мәтіндік сұраныстар негізінде қысқа кинематографиялық бейнероликтер жасай алады.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Жүйедегі жасанды интеллект технологиясы бейненің бастапқы және қорытынды кадрларын автоматты түрде қалыптастырады. Ал кіріктірілген AI Photos Agent құралы мәтіндік сипаттама негізінде фотосуреттерді жылдам өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл функция қолданушының кәсіби графикалық дағдыларын қажет етпей-ақ сапалы визуалды контент әзірлеуіне жағдай жасайды.

Сонымен қатар интеллектуалды құралдар қозғалыс элементтері сақталатын фотосуреттерді де жоғары дәлдікпен өңдей алады. Жүйе кадрдағы артық нысандарды табиғи түрде жойып, бірнеше суретті біріктіру арқылы әсерлі композициялар жасауға мүмкіндік береді. HONOR 600 топтамасының Google Gemini платформасымен терең ықпалдастырылуы құрылғылардың мүмкіндігін одан әрі кеңейткен. Соның нәтижесінде қолданушылар жасанды интеллект көмекшісімен мәтін, дауыс және бейне арқылы ыңғайлы байланыс орната алады.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Жалпы алғанда, HONOR 600 смартфондар топтамасы мобильді технологиялардың тек техникалық құрал ғана емес, заманауи цифрлық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетеді. Жаңа құрылғылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін күнделікті пайдаланумен ұштастыра отырып, мобильді контент өндірісінің жаңа бағытын қалыптастыруға ұмтылады.

Таныстырылым барысында құрылғылардың фото және бейнетүсірілім мүмкіндіктеріне айрықша назар аударылды. Смартфондар ірі сенсормен жабдықталған флагмандық деңгейдегі 200 мегапиксельді түнгі камерамен қамтамасыз етілген. E2E AI Remosaic технологиясы кескіннің ұсақ бөлшектерін жоғары дәлдікпен жеткізіп, жарық аз ортада да сапалы түсірілім жасауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе түнгі қала көріністерін түсіру кезінде айқын байқалады. Сонымен қатар құрылғыларда ультра кең бұрышты модуль, алдыңғы камера және түстер реңкін дәл беруге арналған арнайы температура сенсоры қарастырылған.

HONOR 600 Pro нұсқасында оптикалық мүмкіндіктер одан әрі жетілдірілген. Смартфон 3,5 есе оптикалық үлкейту мүмкіндігі бар 50 мегапиксельді перископиялық телеобъективпен жабдықталған. Сондай-ақ цифрлық зум 120 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қозғалыстағы көріністердің анықтығын қамтамасыз ететін HONOR SOIS тұрақтандыру жүйесі бейненің сапасын арттырса, AI Color Engine интеллектуалды жүйесі күрделі аралас жарық жағдайында табиғи түстерді дәл жеткізуге көмектеседі.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Қонақтар үшін құрылғылардың автономды жұмыс уақыты мен сенімділік көрсеткіштері де жағымды жаңалық болды. Компания инженерлері жұқа әрі ықшам корпусқа сыйымдылығы 7000 мА·сағ болатын аккумулятор орнатқан. Бұл — HONOR тарихындағы ең қуатты батареялардың бірі. Энергияны тиімді басқару технологиясының арқасында смартфондар екі күнге дейін белсенді режимде жұмыс істей алады. Сонымен қатар аккумулятордың қызмет ету мерзімі бес жылға дейін есептелген.

Жаңа модельдер 80 Вт қуаттағы жылдам сымды қуаттауды қолдайды. Ал HONOR 600 Pro нұсқасы қосымша 50 Вт сымсыз қуаттау және басқа құрылғыларды кері қуаттау функциясымен толықтырылған. Смартфон корпусы IP68 және IP69K халықаралық қорғаныс стандарттарына сәйкес жасалған. Сондай-ақ құрылғылардың құлауға төзімділігі SGS халықаралық ұйымының бес жұлдызды сертификатымен расталған.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Өнімділік тұрғысынан да HONOR 600 сериясы жоғары техникалық талаптарға жауап береді. Негізгі HONOR 600 моделі энергияны үнемдейтін Snapdragon 7 Gen 4 процессорымен жұмыс істейді. Ал HONOR 600 Pro нұсқасына күрделі жасанды интеллект алгоритмдері мен жоғары графикалық жүктемедегі ойындарға бейімделген Snapdragon 8 Elite чипі орнатылған. Смартфондар 120 Гц жаңарту жиілігін және 8000 нитке дейінгі ең жоғары жарықтылықты қолдайтын дисплейлермен жабдықталған. Сонымен қатар 3840 Гц жиіліктегі қауіпсіз PWM-күңгірттеу технологиясы көзге түсетін жүктемені азайтып, құрылғыны ұзақ уақыт жайлы пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа топтаманың басты ерекшеліктерінің бірі — iOS экожүйесімен үйлесімді жұмысының кеңейтілуі. Құрылғылар iPhone, Mac және Apple Watch-пен өзара байланысып, хабарламаларды қабылдау, интернетті ортақ пайдалану және файл алмасу үдерісін едәуір жеңілдетеді.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Іс-шара барысында HONOR 600 Lite смартфонының арнайы нұсқасы да таныстырылды. Бұл модель 108 мегапиксельді камерамен, 6520 мА·сағ сыйымдылықтағы қуатты аккумулятормен және аға буындағы құрылғыларға тән негізгі жасанды интеллект функцияларымен жабдықталған. Сонымен қатар құрылғы қолжетімді баға сегментіне бағытталғанымен ерекшеленеді.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Таныстырылым соңында Қазақстан нарығындағы жаңа смартфондардың ресми бағасы жарияланды.

Жад көлемі 8/256 гигабайт болатын HONOR 600 Lite моделі 219 990 теңгеден ұсынылады. HONOR 600 смартфонының негізгі нұсқасы 256 гигабайттық жадымен 329 990 теңге, ал 512 гигабайттық нұсқасы 379 990 теңге көлемінде бағаланған. Ал HONOR 600 Pro премиум флагманының 256 гигабайттық модификациясы 429 990 теңгеге, 512 гигабайттық ішкі жадысы бар нұсқасы 549 990 теңгеге сатылымға шығады.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Бренд алғашқы сатып алушылар үшін арнайы ұсынысы да бар. Атап айтқанда, пайдаланушыларға екі жылдық ресми кепілдік пен дисплейді қосымша қорғау қызметі ұсынылады. Ресми бөлім аяқталғаннан кейін қонақтар Gorky Park Residence аумағындағы арнайы демо-аймақта жаңа мобильді құрылғыларды алғашқы болып сынап көруге мүмкіндік алды.

Тест-драйв барысында құрылғылардың эргономикалық шешімдері ерекше назар аудартты. Смартфондардың ұстауға ыңғайлы, пайдалануға барынша бейімделгені байқалды. Сонымен қатар артқы панельдердегі терең әрі қанық түстер Алматының күн сәулесінде одан әрі айқын көрініп, құрылғылардың эстетикалық артықшылықтарын толық аша түсті.

Цифрлық эстетика мен заманауи инновация тоғысы: HONOR 600 топтамасының ресми тұсаукесері

Қонақтар түсірген алғашқы фотосуреттер камера объективтерінің жоғары дәлдігін және интерфейстің жедел жұмысын айқын көрсетті. Бұл таныстырылым HONOR 600 топтамасының байланыс құралы ретіндегі дәстүрлі түсініктен әлдеқайда кең ауқымды қамтитынын аңғартты. Жаңа құрылғылар заманауи адамның жеке стилін айқындайтын технологиялық элементке әрі жұмыс пен шығармашылық үдерісте сенімді серікке айналған.Қаланың қақ ортасында өткен бұл күн қатысушыларға болашақ технологияларымен етене танысу мүмкіндігін сыйлап, ерекше әсер мен жаңа шабыт қалдырды.