Home Робот пен дрондар,ЖИ Жылу жүйесін басқаруда жаңа цифрлық технологиялар іске қосылуда

Жылу жүйесін басқаруда жаңа цифрлық технологиялар іске қосылуда

12

Алматыда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы NaizaNews.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбайдың айтуынша, 2026 жылдың соңына қарай қалада жасанды интеллект элементтері енгізілген жылумен қамту жүйесін енгізу жұмыстары толық аяқталмақ.

Жаңа технология желілердегі ақаулар мен су шығынын онлайн режимде анықтауға, сондай-ақ зақымданған учаскелерді қашықтан ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жылу мен су ресурстарының шығынын азайтуға жағдай жасайды.

Сонымен қатар Алматыда жылу және газ желілерін қайта жаңарту жұмыстары да жалғасып жатыр. 2026 жылы шамамен 20 шақырым жылу желісін және 13,5 шақырым газ құбырын жаңарту көзделген.

Жылумен қамту жүйесінің сенімділігін арттыру мақсатында қалада SCADA және ЛЭРС жүйелері де енгізілуде. Қазіргі таңда ЛЭРС жүйесі арқылы 13 768 есептеу құралы қамтылған.

Әкімдік өкілдері коммуналдық саланы цифрландыру апаттық жағдайларға жедел әрекет етуге және жылумен қамту жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қосымша материалдар мен сараптамалық мақалаларды MobiLaser Telegram арнасынан оқуға болады.