Home Ойын-сауық Киберспорт Қазақстанда көктемгі киберкубоктың іріктеуі басталды

Қазақстанда көктемгі киберкубоктың іріктеуі басталды

7

Қазақстанда республикалық деңгейдегі ең ауқымды киберспорт жарыстарының бірі – QAZAQSTAN RESPUBLIKASYNYŊ KÖKTEMGI KUBOGI бастау алды. Бұл туралы өткен аптада ресми түрде Qazaq Cybersport Federation мәлімдеді.

Қазақстанда көктемгі киберкубоктың іріктеуі басталды

Биылғы көктемгі кубоктың басты жаңалығы — жеңімпаздарға арналған қомақты жүлде қоры. Ойыншылар 3,5 миллион теңге үшін тартысқа түседі. Дәстүрге сай жарыстың шешуші кезеңі Астанада өтеді.

Жанкүйерлер мен киберспорт жайлы тереңірек білгісі келетіндер бірнеше танымал ойын түрін онлайн форматта тамашалай алады.

Қазақстанда көктемгі киберкубоктың іріктеуі басталды

Атап айтқанда, 15 тамыз күні PUBG MOBILE ойыны бойынша онлайн-финал өтеді. Ал 20 тамызда FIFA 23, CS:GO және Mobile Legends: Bang Bang бойынша LAN-финал ұйымдастырылады.

Бұл турнир — елдің кез келген өңіріндегі жас киберспортшылар үшін тамаша мүмкіндік. Өзін сынап көрумен қатар, кәсіби мансаптың алғашқы қадамын бастауға жол ашылады.

Қазақстанда жыл мезгілдерінің әрқайсысында ел Кубогы үшін ресми турнирлер өткізіледі. Бұл жарыстар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.

Қазақстанда көктемгі киберкубоктың іріктеуі басталды

Соңғы жылдары үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар ұлттық құраманың сапына қосылып, әлем чемпионаттары мен халықаралық кәсіби турнирлерде ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр маусымның Кубогы өзіндік ерекше атмосферасымен ерекшеленеді. Көрермендердің белсенділігі мен ойын барысындағы күтпеген сәттер, әсерлі ойын үзінділері LAN-финалдың нағыз көркін аша түседі.

Қазақстанда көктемгі киберкубоктың іріктеуі басталды

Соңғы 3 жыл ішінде Қазақстанның әр түкпірінен 50-ден астам ойыншы түрлі дисциплина бойынша QAZAQSTAN RESPUBLIKASYNYŊ KUBOGI турнирінің чемпионы атанды.

«Әр ойыншы чемпион атана алады. Ең бастысы — өзіңе сеніп, жарысқа қатысуға ниет білдіру. Бұл турнир тек шеберлер сайысы ғана емес, финал рухын сезініп, ұмытылмас сәттерді бастан өткеру мүмкіндігі екенін көрсетеді.Мұндай сәттер әр қатысушының жадында ұзақ сақталары анық»,- дейді QCF атқарушы директоры Қазбек Жангазиев.

Оның айтуынша, киберспорт — Қазақстанда жаңа технологиялар мен ІТ-инфрақұрылымды дамытуда тиімді құралға айналуы мүмкін. Себебі бұл сала жоғары технологиялық жабдықталуды талап етеді.

Қазақстанда көктемгі киберкубоктың іріктеуі басталды

Айта кетейік, қазақстандық киберспортшылар жуырда Азия ойындарының іріктеу кезеңінде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл жарыс биыл күзде Қытайда өтеді.

Жалпы, QCF аясында ұйымдастырылатын турнирлерге жыл сайын 6 мыңнан астам ойыншы қатысады. Ал Қазақстан Кубогы — елдегі ең танымал жарыстардың бірі, мыңдаған өтініш пен әлеуметтік желілердегі миллиондаған қаралым дәлел бола алады.