ҚР Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов алтынмен қамтамасыз етілген жаңа цифрлық монетаның іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол XII қаржыгерлер конгресінде хабарлады.
Оның айтуынша, монеталарды AIX, Tabys платформалары арқылы сатып алуға, сатуға және сыйға тартуға болады. Сонымен қатар, оларды физикалық инвестициялық монеталарға айырбастау мүмкіндігі де қарастырылған.
«Бұл монеталар 2025 жылдың басында қолжетімді болады. Біз токенизация трендіне қосыла отырып, еліміздің инфрақұрылымын толық пайдаланып жатырмыз. KASE және AIX секілді алаңдар жаңа қаржы құралдарын дамытуға маңызды үлес қосады», – деп атап өтті Сүлейменов.
Цифрлық монета алтынмен қамтамасыз етіледі.
Бекзада ИШЕКЕНОВА