Home Ақша Қазақстанда цифрлық теңгенің қолдану аясы кеңейеді

Қазақстанда цифрлық теңгенің қолдану аясы кеңейеді

16

Ұлттық банк цифрлық теңгені пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту жолдарын LS басылымына мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, ұлттық валютаның бұл нұсқасы қазіргі қолданыстағы жобаларда (несиелеу және субсидиялау) ғана емес, жаңа бастамаларда да енгізілмек. Оның ішінде белгілі бір тауар түрлерін сатып алу және автокөлік иелену операциялары бар.

Банк өкілдерінің айтуынша, көлік сату-сатып алу кезінде фермерлерді несиелеу және субсидиялау үлгісіне ұқсас механизм қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда сатушы цифрлық теңгемен аударылған қаржыны көлік қайта тіркелгеннен кейін ғана пайдалана алады. Қазіргі таңда жобалар мен тауар түрлерін таңдау мәселесін салалық уәкілетті мемлекеттік органдар пысықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов пен Ұлттық банк өкілдері арасындағы жиында цифрлық теңге жылжымайтын мүлік пен көлік мәмілелерінде, қымбат тауарлар сатып алуда, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік несиелеу құралдарында қолданылатыны хабарланған еді.