Home Технологиялар Ғаламтор және желі Stereophonic: Бродвей сахнасындағы рок революциясы

Stereophonic: Бродвей сахнасындағы рок революциясы

5

Бродвей қойылымдары туралы айтқанда, көбіміздің көз алдымызға Нью-Йорктың жарқын шамдары, классикалық мюзиклдер және дәстүрлі өнер түрлері келеді. Бірақ рок музыкасын сүйетін жандар үшін мұндай шоулар кейде тым қарапайым көрінуі мүмкін. Дегенмен, бұл пікірді түбегейлі өзгертетін жаңа қойылым пайда болды.

Stereophonic– Бродвей тарихындағы ең ерекше және таңғажайып қойылымдардың бірі. Қойылым идеясы 2014 жылы туындап, оны жасауға драматург Дэвид Аджми мен Arcade Fire тобының бұрынғы мүшесі Уилл Батлер қатысты. Шығармашылық топтың мақсаты – 1970 жылдардағы әйгілі рок тобының өмірі мен музыкалық альбом жазу барысындағы қиындықтарын сахнаға алып шығу болды.

Қойылымның негізі ретінде Fleetwood Mac тобының тарихы алынған. Бұл спектакль рок музыканттарының шынайы өмірін, топ арасындағы ішкі жанжалдар мен шығармашылық процесін, жеке өмірдегі драма және өзге де мәселелерді көрсетеді.

Stereophonic: Бродвей сахнасындағы рок революциясы

Stereophonic сахнасы көрерменді бірден өткен ғасырдың атмосферасына жетелейді. Киім үлгілері, студия интерьері, тіпті музыкалық аспаптар мен дыбыстар – бәрі 70-ші жылдардың көрінісін шынайы жеткізуге бағытталған. Қойылым барысында актерлер әндерді жанды дауыста орындайды, ал олардың музыкалық аспаптарда шебер ойнауы- нағыз өнер туындысы.

Ең қызығы, актерлердің көпшілігі бұған дейін музыкалық аспаптарда ойнамаған. Қойылым үшін олар арнайы дайындықтан өтіп, сахнада нағыз музыканттардай өнер көрсетеді. Әр кешке әндер мен дыбыстар арнайы,жанды жанды дауыста жазылып, көрерменге ұмытылмас эмоциялар сыйлайды.

Бұл спектакль Бродвей сахнасына алғаш рет 9 жыл өткен соң, яғни 2023 жылы қойылды. Бірден сарапшылар мен сыншылардың жоғары бағасын алып, көрермендердің сүйікті қойылымына айналды. Stereophonic “Тони” премиясының 13 номинациясына ұсынылып, олардың 5-еуін жеңіп алды. Бұл нәтиже қойылымды театр әлемінің жаңа шыңына шығарды.

Қойылымның бастапқыда тек бірнеше ай көрсетілуі жоспарланған еді, бірақ қазірде көрсетілім 2025 жылдың 12 қаңтарына дейін ұзартылды.

Stereophonic: Бродвей сахнасындағы рок революциясы

«Гамильтон» мюзиклі Бродвей тарихында ең жылдам рэп орындау бойынша рекорд орнатқан қойылым ретінде танымал. «Guns and Ships» әнінде Маркиз де Лафайетт рөлін сомдаған Давид Диггс үш секунд ішінде 19 сөз айтуы тиіс болған. Орташа алғанда, бұл – бір секундта 6,3 сөзден келеді.

«Тони» сыйлығы (ағылш. Tony Award) – америкалық театр саласындағы жетістіктерді бағалайтын беделді марапат. Бұл сыйлық ең алдымен Нью-Йорктегі Бродвей қойылымдарына арналған. Оның толық атауы – Antoinette Perry Award for Excellence in Theatre, ал атауы белгілі актриса және режиссер Антуанетта Перридің құрметіне берілген (1888–1946).

Сыйлық алғаш рет 1947 жылы табысталған және ол театр саласындағы «Оскар», музыкадағы «Грэмми» және теледидардағы «Эмми» марапаттарымен тең дәрежеде саналады.

Сыйлықты ойын-сауық индустриясы мен журналистика саласына қатысы бар 700-ге жуық маманнан құралған қауымдастық тапсырады.