Home Аналитика Қазақстанда желік маркетинг 30%-ға өсті

Қазақстанда желік маркетинг 30%-ға өсті

28

2024 жылдың күзінде Дүниежүзілік тікелей сатылым федерациясы, оның ішінде Қазақстанның тікелей сатылым ассоциациясы 2023 жылға арналған есепті жариялады. Есепте статистикалық деректер мен аналитикалық талдаулар келтірілген. Қазақстандағы тікелей сатылым индустриясының жалпы айналымы 708 миллион долларды (дүниежүзінде 167,6 миллиард доллар) құрайды.

Amway, Avon, Faberlic, QNET сынды саланың өкілдері жыл ішінде 30,4% өсім көрсетті, ал әлем бойынша тікелей сатылым 2,3% қысқарған. Үш жылдық динамика 22,5% өсімді көрсетіп отыр. Мұндай өсім тек тікелей сатылымдарға ғана емес, сонымен қатар көтерме-бөлшек сауда саласына  да тән, сала бойынша 2023 жылы 10,14% өсім байқалды.

2023 жылы республика тікелей сатылым индустриясынан ТМД-дағы басқа елдермен салыстырғанда ең үлкен үлеске ие, бұл жалпы ішкі өнімнің 0,271%-ын құрады.

Қазақстанда желік маркетинг 30%-ға өсті

Қазақстанда тікелей сатылымда ең сұранысқа ие тауарлар әлемдік көрсеткіштермен сай келеді. Алғашқы үштікке wellness өнімдері (45%) екінші орында косметика (37%), ал үшінші орында тұрмыстық тауарлар (8%) орналасқан.

Бұл деректер тікелей сатылым индустриясының дамуын және сұраныс көрсеткішін айқын көрсетеді.

Қазақстанда желік маркетинг 30%-ға өсті

Қазақстанда 1,7 миллион (1747228 адам) тәуелсіз өкіл жұмыс істейді. Айта кету керек, саладағы бизнескер әйелдердің  үлесі тек 16% құрайды, ал әлемдік деңгейде әйелдердің үлесі 73% екені анықталды.

Бұл көрсеткіштер Қазақстандағы тікелей сатылым индустриясындағы гендерлік теңсіздікті көрсетеді әрі әйелдердің бизнес саласындағы қатысуын арттыру қажеттілігін айғақтайды.