Олар iPhone 16-ның жұмыс уақытын 20%-ға ұзартуға мүмкіндік береді.
HMD компаниясы Mobile World Congress (MWC) 2025 көрмесінде Amped Buds сымсыз құлаққаптарын ұсынды. Бұл – әлемдегі реверсивті қуаттау мүмкіндігі бар алғашқы құлаққаптар. Ерекшелігі – қорабы магнит арқылы смартфонға бекітіліп, Qi2 сымсыз қуаттау технологиясының көмегімен телефон батареясын толықтыруға қабілетті. Сондай-ақ, қорапты USB Type-C арқылы құрылғыға қосуға болады.
HMD мәліметінше, Amped Buds қорабының аккумуляторы 1600 мА·сағ. Бұл оған 95 сағатқа дейін музыка тыңдауға мүмкіндік береді. Ал iPhone 16-ны магниттік бекіту арқылы 20%-ға, ал кабельмен қосқанда 24%-ға дейін қуаттай алады. Қораптың қалыңдығы 14 мм, ал салмағы 80 г ғана. Сонымен қатар, IP54 стандарты бойынша қорғалған, яғни су шашырауынан қорықпайды.

HMD компаниясының мәліметінше, Amped Buds құлаққаптары терең әрі қуатты бас дыбыстарды қамтамасыз етіп, жалпы дыбысты табиғи әрі теңдестірілген етіп жеткізеді. Сонымен қатар, олар сыртқы шуды бәсеңдететін (Active Noise Cancellation, ANC) технологиямен жабдықталған. Жоғары сапалы дыбыс беру үшін құлаққаптарға Snapdragon Sound процессоры орнатылған. Amped Buds Bluetooth 5.4 арқылы сымсыз байланысқа қосылады.
HMD Amped Buds Еуропада сәуір айында сатылымға шығады. Бағасы 199 еуро, ал түстері – қара, қызғылт және көк.