Home Бағдарламалар мен қосымшалар Жетісу ауылынан шыққан педагог TikTok-тың ТОП-50 шығармашыл тұлғалары арасында

Жетісу ауылынан шыққан педагог TikTok-тың ТОП-50 шығармашыл тұлғалары арасында

31

Жетісу облысының Алакөл ауданының Достық ауылынан шыққан Ботагөз Омарова өз өнерін жаңа деңгейге көтерді. TikTok платформасының Discover List 2025 жобасында «Мұғалімдер» санатында ерекшеленіп, еліміздің білім беру саласындағы жаңашылдықтың жарқын үлгісі ретінде танылды.

Педагогика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар Ботагөз Омарова 2022 жылы TikTok-та өз парақшасын ашып, оқытуды жаңа, шығармашылық және көңілді тәсілмен ұсына бастады. Оның қысқа бейне сабақтары тек грамматика мен лексиканы үйретіп қана қоймай, мәдениетті, тілдің терең мағынасын түсінуге де ықпал етеді. Қолданушылар оның видеоларынан білім алумен қатар, өмірдің түрлі салаларына деген қызығушылықтарын арттыра алады.

«Мен әрқашан оқуды қызықты әрі терең мазмұнды процесс ретінде көрсеткім келеді. Тіл үйрену – бұл тек ережелерді жаттау емес, сонымен бірге мәдениеттің айнасы», – дейді, Ботагөз өзінің ерекше әдістемесі мен шынайы ынтасы арқылы жастарға үлгі болып отыр.

TikTok платформасы білім беру контентін дамытуда белсенді рөл атқарып, еліміздегі оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады. 2023 жылы өткізілген
«#Қазақстанмұғалімдері» сайысы сияқты бастамалар педагогтардың өз еңбегін бағалауға септігін тигізді.

Ботагөз Омарованың TikTok-тағы парақшасы 160 мыңнан астам жазылушы жинап, ол өз тегін сабақтарын тікелей эфирлер арқылы жүргізіп, кең аудиторияға білімін таратуда. Оның табысы – көпжылдық еңбектің, шығармашылық көзқарастың және оқытуды барынша қызықты етуге деген шын ықыластың айғағы.