Home Робот пен дрондар,ЖИ Жасанды интеллект әлеуметтік нормалар қалыптастыра бастады

Жасанды интеллект әлеуметтік нормалар қалыптастыра бастады

12

Ғалымдар жасанды интеллект (ЖИ) тілдік үлгілерге сүйенген жүйелердің адам көмегінсіз-ақ әлеуметтік нормалар мен тілдік ережелерді қалыптастыра алатынын анықтады. Science Advances журналында жарияланған зерттеу нәтижелері ЖИ агенттерінің бір-бірімен әрекеттесе отырып, адамдар секілді ортақ келісімге келе алатынын көрсетті.

Лондондағы Сити Сент-Джордж университеті мен Копенгагендегі IT университетінің зерттеушілері адамдардың әлеуметтік келісімін зерттеуде қолданылатын Naming Game моделін жасанды интеллектіге бейімдеген. Эксперимент барысында 24-тен 200-ге дейінгі ЖИ агенттері кездейсоқ таңдалған белгілердің (әріптер немесе таңбалар) ішінен «атау» таңдап, бір-бірімен байланыс орнатты. Егер екі агент бірдей атау таңдаса марапатталады,, сәйкес келмесе айыппұл мен қарсы тараптың таңдауын білді.

Агенттердің жады шектеулі. Олар тек соңғы бірнеше байланыстарын ғана еске сақтай алды және өздерінің қандай да бір топқа тиесілі екенін білмеді. Соған қарамастан, уақыт өте келе агенттер арасында ортақ тіл мен норма өздігінен қалыптасты. Бұл – адамзат қоғамындағы әлеуметтік келісімдердің табиғи жолмен пайда болуын еске салады. Сонымен қатар, зерттеу барысында кейбір ұжымдық көзқарастар мен бейімділіктердің жеке агенттердің мінез-құлқымен түсіндірілмейтіні анықталды.

«ЖИ саласындағы көптеген зерттеулер жүйелерді жеке күйінде зерттейтін. Ал біз шынайы өмірде ЖИ жүйелері бір-бірімен әрекеттесетінін ескеріп, олардың ортақ тәртіп қалыптастыра алатынын дәлелдедік», – деді зерттеу авторларының бірі Ариэль Флинт Ашери.

Ғалымдардың айтуынша, ЖИ-дің өздігінен әлеуметтік нормаларды меңгеруі — адамзат құндылықтары мен қоғамдық мақсаттарға сай жүйелер құруда үлкен мүмкіндікке жол ашады. Сонымен қатар, кішігірім, балама көзқарастағы топтардың да үлкен жүйеге ықпал етіп, қалыптасқан нормаларды өзгертуі мүмкін екені байқалған.