Home Uncategorized @kk-kz Жасанды интеллект даму шегіне жетті ме, әлде жаңа мүмкіндіктер ашыла ма?

Жасанды интеллект даму шегіне жетті ме, әлде жаңа мүмкіндіктер ашыла ма?

24

Қазіргі уақытта жасанды интеллект (ЖИ) мен копирайтерлердің, журналистердің арасындағы бәсекелестік қарқыны артуда. Жасанды интеллект құралдары, әсіресе контент жасау саласында, сайт иелеріне өз өнімдерін ұсынып, нарықта үлкен қызығушылық тудыруда. Бірақ бұл салада да дағдарыс белгілері байқала бастады.

Ресейде МТС Жасанды Интеллект Орталығының бас директоры Андрей Калинин РБК басылымына берген сұхбатында интернетте нейрожелілерді оқытуға арналған мәліметтер таусылғанын мәлімдеді.

«Үлкен модельдердің дамуы қазіргі уақытта маңызды кезеңге жетті: бұрын нейрожелілер тек деректердің көбеюі мен көлемінің ұлғаюы арқасында дамып отырса қазір бұл өсім айтарлықтай төмендеді. Себебі интернетте жаңа мәтіндер қажетті жылдамдықпен пайда болмайды.», – деді Калинин.

Оның айтуынша, қазіргі тілдік модельдер, мысалы, GPT-5, бұрынғы модельдермен салыстырғанда айтарлықтай жетістікке жете алмайды. GPT-4 мен GPT-3.5 арасындағы айырмашылықты ескерсек, қазіргі уақытта ЖИ дамуы айтарлықтай баяулаған.

Дегенмен, жасанды интеллектіні әзірлеушілер нейролжеліні дамытуға миллиардтаған рубль есебінде инвестиция салынып, ауқымды мақсат- жоспарлар қойылды. Бірақ іс жүзінде жасанды интеллект дамудың шегіне жеткендей көрінеді. Смартфон өндірушілері секілді жыл сайын тек жаңа дизайн ұсынумен шектелуде. Осылайша, басқа экономикалық секторларда да дәл осындай жағдай орын алуы мүмкін. Ал ЖИ-дің жұмыс істеуі үшін көп энергия қажет екенін ескерсек, бұл тақырыптың қаншалықты ұзаққа созылатыны белгісіз.

Осы орайда кейбір мамандар осы қаржыны қайырымдылыққа немесе өзге де әлеуметтік жобаларға бағыттауды ұсынады, өйткені оның пайдасы әлдеқайда көп болар еді.