Америкалық жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының соңғы жетістіктері әрбір адамға арналған вакциналарды небәрі 48 сағатта дайындауға жол ашпақ. Сонымен қатар, бұл технологиялар онкологияны ерте кезеңде анықтап, емдеу әдістерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы OpenAI басшысы Сэм Альтман мен Oracle компаниясының жетекшісі Ларри Эллисон мәлімдеді
«Жасанды интеллектінің дамуы тән ауруларын емдеудің жылдамдығын бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізеді. Жүрек және онкологиялық ауруларды емдеудегі жетістіктер таңқаларлық деңгейге жетеді», — деді Альтман. Оның айтуынша, ЖИ арқылы жоғары сапалы медициналық қызметтерді қолжетімді бағамен ұсыну мүмкіндігі артады..
Ларри Эллисонның айтуынша, ЖИ-дың ең маңызды жаңалықтарының бірі – қатерлі ісікке қарсы вакцина жасау. Ол жасанды интеллект көмегімен қан талдауын жүргізу арқылы ісіктің ерте кезеңдегі белгілерін анықтаудың жаңа әдісін әзірлеп жатқанын айтты. Бұл әдіс қаннан ісікке тән ұсақ белгілерді табуға мүмкіндік береді.
— «Біз қан құрамын зерттеуде жасанды интеллектіні қолданамыз. Бұл адам өміріне қауіпті қатерлі ісіктердің түрлерін ерте кезеңде анықтауға көмектеседі», — деді Эллисон. Ол болашақта ЖИ арқылы әр адамға жеке бейімделген вакциналарды бар-жоғы 48 сағатта дайындау мүмкін болатынын атап өтті.