Home Технологиялар Киберқауіпсіздік Қазақстанда самокаттарды жалға беру арқылы жасалатын жаңа алаяқтық түрі таралуда

Қазақстанда самокаттарды жалға беру арқылы жасалатын жаңа алаяқтық түрі таралуда

29

Елімізде жалға берілетін электрсамокаттарға қатысты алаяқтық фактілері жиілеп кетті, деп хабарлайды Noks.kz AQPARAT SAQSHYSY Telegram арнасына сілтеме жасап.

Алаяқтар самокаттағы түпнұсқа QR-кодтардың үстіне немесе жанына жалған код жапсырып қояды. Оны сканерлеген пайдаланушы сырт көзге самокат қызметінің ресми қосымшасына ұқсайтын жалған сайтқа өтеді. Сол сәтте қолданушының банк картасындағы мәліметтері ұрланып, не болмаса телефонына зиянды бағдарлама жүктелуі мүмкін.

Электросамокат қызметін ұсынушы компаниялар жалған стикерлердің бар екенін растады. Қазір бұл фактілер бойынша тексеріс жүріп жатыр, азаматтардан келіп түскен шағымдар жинақталуда. Жалған QR-кодтарды көзбен-ақ тануға болады — көбіне олар қорғалмаған қағаз жапсырмалар түрінде болады.

Мамандар қолданушыларға барынша сақ болуға кеңес береді. Егер күмәнді QR-кодты байқасаңыз, бірден жалға беру қызметінің қолдау орталығына хабарласыңыз.