Home Ақша Жасанды интеллект арқылы $12 миллион пайда тапқан хакердің айласы.

Жасанды интеллект арқылы $12 миллион пайда тапқан хакердің айласы.

64

Майкл Смит атты хакерге қатысты істі Солтүстік Каролина штатындағы сот қарайды. Оны Spotify, Amazon Music, Apple Music және YouTube секілді музыкалық стриминг платформаларында ақша табу үшін алаяқтық жүйе ұйымдастырған деп айыптап отыр. Бұл платформалар авторлық контентті пайдалану үшін сыйақы төлейді,.Ал Смит жасанды интеллект пен боттарды пайдаланып, бұл формалды түрде заңды табысты бірнеше есе арттыру жолын ойлап тапқан.

Смиттің серіктестерімен хат алмасуы барысында оның платформалардың алгоритмдерінде осалдық тапқаны анықталды. Аталмыш алаңдарда бірнеше өлеңнің тым көп рет тыңдалуы боттарды қолданылғанын көрсетеді. Бірақ Смит боттарды қолданудың орнына, серіктесінен жүз мыңдаған жасанды интеллект көмегімен жасалған өлеңдерді сатып алған. Бұл әуендер барлық талаптарға сай рәсімделіп, ойдан шығарылған авторлардың есімдерімен безендірілген.

Смиттің жүйесі 52 заңды аккаунттан тұрды.Әр аккаунтқа VPN арқылы 20 бот қосылған. Олплатформаның  назарын аудармау үшін боттардың күніне 636 трансляция жасауына шектеу қойды.Осылайша, жалпы 661 440 трансляция жасалды, ал авторлық контент үшін төленетін сыйақы 0,5 цент болғанда, ол күніне $3307 табыс тапты. Смиттің айтуынша, жүйенің 2019 жылы іске қосылғанынан бері ол 4 миллиард фейк трансляция жүргізіп, $12 миллион пайда көрген.

АҚШ прокуроры Дамиан Уильямс БАҚ-қа Смиттің негізгі кінәсі — миллиондаған долларлық роялтиді ұрлау екенін түсіндірді. Бұл ақшалар нағыз музыканттарға, әншілерге және композиторларға тиесілі болуы мүмкін еді. Осылайша, Смит оларды табыс табу мүмкіндігінен айырды.Оның әрекеттері электронды алаяқтыққа жатқызылды. Сондай-ақ, хакер қылмыстық жолмен алған ақшаны заңды етіп көрсеткені үшін де айыпталуда. Барлық айыптауларды ескере отырып, оған 60 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.