Home Ғаламтор және желі Жапония интернет жылдамдығы бойынша жаңа рекорд орнатты

Жапония интернет жылдамдығы бойынша жаңа рекорд орнатты

13

Жапониялық ғалымдар интернет жылдамдығын арттыруда әлем бойынша жақсі нәтиед көрсетуде. Елдің Ұлттық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар институтының (NICT) инженерлері дерек тасымалдаудың жаңа рекордын орнатып, секундына 402 терабит жылдамдықпен мәлімет жіберуге қол жеткізді. Бұл – бұған дейінгі рекордтан 25 пайызға артық.

Аталған жетістік туралы The Independent басылымы хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, мұндай жылдамдық бір секундтың ішінде шамамен 12 500 фильмді жүктеуге мүмкіндік береді. Бұл рекордтың жаңаруына ерекше технология, атап айтқанда, жаңа буындағы көпарналы оптикалық талшық пен кеңейтілген толқын ұзындықтарын қолдану себеп болды.

Сынақ зертхана жағдайында өткізілді. Инженерлер бір арнамен емес, 19 түрлі арнаны қамтитын жаңа буындағы талшықты-оптикалық кабельді пайдаланып, 1,02 петабит көлеміндегі деректі, яғни , 127 500 гигабайтқа тең ақпаратты 1 808 шақырым қашықтыққа сәтті жеткізді.

Қазіргі таңда қолданыстағы коммерциялық желілер көбіне секундына 10 гигабитке дейін ғана жылдамдық ұсына алады. Ал қарапайым құрылғылар мұндай жоғары көрсеткіштермен жұмыс істеуге дайын емес.

Дегенмен мамандар мұндай технологиялар жақын болашақта интернет трафигінің шапшаң өсіміне бейімделуге сеп болады деп есептейді. Себебі жасанды интеллект, қашықтан жұмыс істеу, жоғары сапалы видеобайланыс секілді жаңа бағыттар деректерге деген сұранысты күн сайын арттырып келеді.