Home Технологиялар Киберқауіпсіздік Жаңа зерттеу орталығы киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді

Жаңа зерттеу орталығы киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді

21

Қазақстанда Ақпараттық қауіпсіздікті дамыту ұлттық институты құрылды. Институт не қарасты Цифрлық үкіметті қолдау орталығының құрамында жұмыс істейді.

Институттың негізгі міндеттері ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, стандарттау құжаттарын әзірлеу, ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізу, жобаларға сараптама жасау, сондай-ақ осы саладағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мен оларды даярлауды қамтиды.

Институт қызметінің маңызды бағыттарының бірі қазіргі кибершабуылдардың даму үрдісі мен оларды жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты зерттеуге арналған. Бұл жұмыс бұрын қалыптасқан қауіп-қатер үлгілерін талдаудан бастап, жасанды интеллект, бұлтты технологиялар және шабуылды автоматтандыру құралдары қолданылатын жаңа қауіп-қатер сценарийлерін зерделеуге дейінгі ауқымды қамтиды. Мұндай ғылыми зерттеулер алдағы уақытта туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді алдын ала болжауға және мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен аса маңызды инфрақұрылымды қорғаудың ғылыми негізделген тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жаңа зерттеу орталығы киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді

Институттың алғашқы халықаралық бастамаларының бірі 2nd IEEE International Conference in Cybersecurity, Digital Forensics and AI Applications (ICCSDFAI 2026) халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастыру болды. Конференция 25–27 маусым аралығында қаласындағы базасында өтті. Іс-шараны Цифрлық үкіметті қолдау орталығы әлемнің 11 университеті, мемлекеттік мекемелері мен технологиялық компанияларынан құралған халықаралық консорциумның қатысуымен ұйымдастырды. Конференция материалдары халықаралық IEEE дерекқорында жарияланып, индекстеледі. Бұл ғылыми еңбектердің халықаралық ғылыми ортада кеңінен таралуына мүмкіндік береді.

Осындай деңгейдегі халықаралық ғылыми конференцияға қатысу Қазақстан үшін ғылыми тұрғыдан ғана емес, стратегиялық жағынан да маңызды. Бұл еліміздің ғылыми зерттеулерін жаһандық киберқауіпсіздік күн тәртібімен ұштастыруға, сондай-ақ конференция аяқталғаннан кейін де өзара ынтымақтастықты жалғастыратын берік халықаралық серіктестік байланыстарды қалыптастыруға жол ашады.

Конференцияның серіктестері мен бірлескен ұйымдастырушылары қатарында Palo Alto Networks, Amazon Web Services (AWS), ASELSAN, TI-Lab, FerroTechnics (Канада) және цифрлық қауіпсіздік пен инновациялар саласында жұмыс істейтін өзге де халықаралық ұйымдар болды.

Конференция бағдарламасына халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен пленарлық отырыстар, мамандандырылған тәжірибелік семинарлар, CTF және Hackathon форматындағы технологиялық жарыстар, B2B кездесулері, озық технологиялық шешімдер көрмесі, сондай-ақ кәсіби тәжірибе алмасуға арналған іс-шаралар енгізілді.