WhatsApp мессенджері Android жүйесіне арналған жаңа бета-нұсқасында (2.25.1.17) екі қызықты жаңалықты таныстырды. Бұл мүмкіндіктер жақын арада барлық қолданушыларға қолжетімді болатынын digitalbusiness.kz. порталы хабарлайды
Бірінші жаңалық — сауалнамаларда жауап нұсқаларына сурет қосудың мүмкіндігі пайда болды. Бұл функция сауалнамаларды түсінуді жеңілдетіп, ыңғайлы етеді. Алғашқы кезеңде ол тек арналар үшін қолжетімді болады, бірақ болашақта топтық чаттар мен жеке хат алмасуда да пайда болуы мүмкін.
Екінші жаңалық — жеке хабарламаларда кездесулерге жоспар құру мүмкіндігі. Бұған дейін бұл опция тек топтарда қолжетімді еді. Енді қолданушылар оқиғаның атауын, күнін, сипаттамасын, кездесу орнын, бейнеқоңыраулар сілтемелерін және басқа да ақпаратты қосуға мүмкіндік алады. Қабылдаушылар өз қатысуын растау немесе одан бас тарту мүмкіндігіне ие болады.